Мазмұнға өту

Әсемдік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әсемдік — адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик. тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері табиғи өлшемдермен айқындалады. Әсемдіктің осындай табиғи өлшемдерін эстетикалық түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. “Пішіннің сыртқы әсемдігі” (Гегель) оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жылтырағанның бәрі әдемі емес. Керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасында жоғары жан сұлулығын кездестіру әбден мүмкін. Қзгілік пен жылылықтан ада әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнесі де жатады. Алайда әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. өмір мен өнердегі әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы әсемдік адамды шығармашылық дарыны мен қабілетін неғұрлым толық және жемісті пайдаланып, нағыз әдемі және сұлу тұлға мұратына ұмтылуға жігерлендіреді. Қазақтың дәстүрлідүниетанымында әсемдік өмір мұратына айналып, оған үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, қазақтар киелі әйел Құдайы Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесі мен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.[1]

Табиғаттағы әсемдік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Архитектурада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мүсіндемеде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бейнелеу өнерінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8