Мазмұнға өту

Әскери іс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әскери ісмемлекеттің қарулы күштерінің әрекеттері, дайындығы және құрылымдарымен байланысқан теоретикалық һәм практикалық сұрақтарды қамтитын жалпы жинақы термин.

Әскери-инженерлік іс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери-инженерлік іс — соғыс қимылдарын жүргізуге және ұрыс әрекеттеріне қолайлы жағдай жасауға қажетті инженерлік жұмыстардың теориясы мен практикасын зерттейтін әскери ғылымның бір саласы. Ол арнаулы әскерлердің маңызды инженерлік шараларды жүзеге асыруына басқа әскер түрлерінің қатысу дәрежесін аныктайды. Әскери-инженерлік іс жергілікті жерді инженерлік барлау (тазарту), әскерлер мен объектілерді жасыру, далалық қорғаныс құрылыстарын, тосқауыл, өткел, көпірлер салу, жол жөндеу, әскерлерді сумен жабдықтау, т.б. мәселелермен айналысатын әскерлердің негізгі жұмыс әдіс-тәсілдерін жетілдіреді. Әскери-инженерлік шараларды барлық әскер түрлері жүзеге асырады.

Әскери істегі теледидар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери істегі теледидар — әскери мақсаттарға теледидар қолдану: барлау, бақылау, әскерді басқару, ракетаны нысанаға (объектіге) бағыттау, навигациялық міндеттерді орындау, метеорологиялық жағдайды зерттеу және басқа міндеттерді орындау. Әскери істегі теледидар көзбен көру мен бақылауды, қашықтан әр түрлі бейнелерді, құжаттарды, фотосуреттерді беруді қамтамасыз етеді, артиллериялық атысты реттейді, ұшқышсыз басқарылатын объектілердің ұшуын бақылайды, басқа да міндеттерді орындайды.

Әскери істегі революция

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери істегі революция — қарулы күрес құралдарындағы, ұрыс әрекеттерін жүргізу тәсілдеріндегі, әскерді ұйымдастырудағы, оны оқытып-үйрету мен тәрбиелеудегі соңғы жылдары өнеркәсібі мен ғылымы неғұрлым дамыған елдерде, әсіресе ракеталық-ядролық қару жасауға байланысты болған түбірлі, сапалы өзгерістердің барлық жиынтығы. Әскери істегі революция барлық негізгі салаларды қамтиды. Сонымен қатар әскерді ұйымдастыру, барлық ауқымдагы қарулы күрес тәсілдері, басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру (оның негізгі құрама бөліктері: электронды есептеуіш, радиолокациялық және радиотеледидарлық аппаратура) істерін жетілдіру қатар жүреді. Әскерді оқыту мен тәрбиелеу әдістері де жана міндеттерді шешуге бейімделеді. Әскери істегі революция нәтижесінде елдің қарулы күштері мен кейбір әскер түрлері бірінші класты әскери техникамен қаруланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл