2024 жыл
Жылдар |
---|
2020 · 2021 · 2022 · 2023 — 2024 — 2025 · 2026 · 2027 · 2028 |
Онжылдықтар |
2000 жж. · 2010 жж. — 2020 жж. — 2030 жж. · 2040 жж. |
Ғасырлар |
XX ғасыр
— XXI ғасыр |
Грегориан күнтізбесі | 2024 MMXXIV |
Юлиан күнтізбесі | 2023 — 2024 (14 қаңтардан бастап) |
Рим қаласының құрылуынан бастап | 2776 — 2777 (4 мамырдан бастап) |
Византия күнтізбесі | 7532 — 7533 (14 қыркүйектен бастап) |
Еврей күнтізбесі |
5784 — 5785 ה'תשפ"ד — ה'תשפ"ה |
Ислам күнтізбесі | 1445 — 1446 |
Армения күнтізбесі | 1473 ԹՎ ՌՆՀԳ
|
Қытай күнтізбесі | 4720 — 4721 癸卯 — 甲辰 қара қоян — көк айдаhар |
Ефиопия күнтізбесі | 2016 — 2017 |
Инду күнтізбесі | |
- Викрам самват | 2080 — 2081 |
- Шака самват | 1946 — 1947 |
- Кали-юга | 5125 — 5126 |
Иран күнтізбесі | 1402 — 1403 |
2024 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл.
Бұл біздің заманымыздың 2024 жылы, III мыңжылдықтың 24-жылы, XXI ғасырдың 24-жылы, 21 ғасырдың 3-онжылдығының 4-жылы, 2020 жылдардың 5-жылы болып табылады.
Әзірше 2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленеді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Израиль−Хамас соғысы, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.
2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтетін болады, не өтіп қойған. Сайлайтын елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан), Франция мен Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүрді.
Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаңтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 қаңтар
- Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері БРИКС құрамына кірді.[1]
- Таулы Қарабақ аймағы Әзербайжан құрамына қайта кірді де, Арцах Республикасы ресми түрде ыдырады.[2]
- Жапонияның батыс жағалауында 7.5 Mww деңгейлі ірі жер сілкінісі орын алды, нәтижесінде 126 адам қайтыс болды, 611 адам жарақат алды.[3]
- Эфиопия Сомалилендпен Бербера портын пайдалану туралы келісімге келгенін жариялады. Эфиопия сонымен бірге Сомалилендтің тәуелсіздігін мойындайтын бірінші ел болатынын айтады.[4]
- 2 қаңтар – Маршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады.[5]
- 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды.[6][7]
- 7 қаңтар – Бангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті.
- 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді.[8]
- 11 қаңтар
- Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
- АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған.
- 12 қаңтар – Өркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды.[9]
- 13 қаңтар – Тайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті.
- 14 қаңтар
- Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды.[10][10]
- 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды.[11]
- 15 қаңтар Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы.[12]
- 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды.
- 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы.
- 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
- 26 қаңтар
- Израиль−Хамас соғысы: БҰҰ Халықаралық әділет соты Израильдің Газадағы геноцидтік әрекетіне жол бермегенін және палестиналықтарға қауіпсіздік бергенін талап етті, алайда әскери операцияның тоқтатылуын талап еткен жоқ.[14]
- Тувалуда жалпы сайлау өтті.[15]
- 28 қаңтар – Финляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті.
- 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.
Ақпан
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 4 ақпан
- Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды.[16]
- Сальвадорда жалпы сайлау өтті.
- 7 ақпан – Әзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.[17][18]
- 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған.
- 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды.
- 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды.
- 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды.
- 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды.
- 23 ақпан – Армения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты.
- 25 ақпан – Беларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.
Наурыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 наурыз
- Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5:00) көшті.[19]
- Иранда парламент сайлауы өтті.
- 7 наурыз – Швеция ресми түрде НАТО құрамына енді де, оның 32-мүшесі болды.[20][21]
- 11 наурыз – Гаити президенті және премьер-министрі Ариэль Анри елдегі қылмыскер топтарының өзара соғысы деп сипатталатын дағдарыс жағдайында екі лауазымнан да отставкаға кететінін хабарлады.[22]
- 13 наурыз – Еуропа Одағы «Одақтың жасанды зият жайлы регламенті» атты жасанды зиятқа арналған әлемдегі алғашқы толық құқықтық және реттеуші заңды қабылдады.[23]
- 15–17 наурыз – Ресейде сегізінші президент сайлануы жүрді. Нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет қайта сайланды.[24]
- 22 наурыз – Ресейдің Красногорск қаласындағы Crocus City Hall залында Ислам мемлекеті ұйымына қатысы бар қарулы адамдар концертке келушілерге шабуыл жасап, кем дегенде 137 адамды өлтіріп, 182 адамды жаралады.
- 25 наурыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газада «тез арада атысты тоқтатуды» және барлық кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап ететін қарар қабылдады.
- 31 наурыз – Болгария мен Румыния теңіз және әуе жолдары арқылы Шенген аймағының құрамына кірді.[25]
Сәуір
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 сәуір – Израиль Иранның Дамасктағы елшілігіне шабуыл жасайды да, нәтижесінде 16 адам қаза тапты.
- 6 сәуір – Словакиядағы президент сайлауы нәтижесінде Словакия президенті болып Петер Пеллегрини сайланды.
- 10 сәуір – Оңтүстік Кореядағы парламент сайлауы: Демократиялық партия мен Демократиялық альянс 176 мандат жеңіп алды. Қызметтегі президент Юн Сөк Йөлге байланысы бар Халық күші мен Халықтық болашақ партиясы тек 108 мандатқа ғана ие болды.[26]
- 10 сәуір – Айдың басында орын алған Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігін бомбалауынан кейін Иран Израильге жауап соққыларын бастады.
- 25 сәуір – Гаити президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр Ариэль Анри отставкасынан кейін өтпелі президенттік кеңес Гаити мемлекетінің жаңа басшысы ретінде билікті өз қолына алды.
Мамыр
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 5 мамыр – Панамадағы жалпы сайлау нәтижесінде президент болып Хозе Рауль Мулино сайланды.
- 7–11 мамыр – Швецияның Мальмё қаласында Eurovision ән байқауы 2024 өтті. Нәтижесінде швейцариялық Nemo рэпері «The Code» әнімен жеңіске жетті.[27]
- 10 мамыр – БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина мемлекетіне алфавиттік тәртіппен мүше мемлекеттердің арасында тұру құқығын беру үшін дауыс берді. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 2024 жылғы 10 қыркүйекте өтетін келесі сессиясында күшіне енеді.[28]
- 13 мамыр – Бишімбаев ісі нәтижесінде Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.[29]
- 14 мамыр – Құлсарыда сол жылғы су тасқыны үшін өтемақыға қарсылар наразылық шараларын бастады.
- 15 мамыр – Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.[30]
- 19 мамыр
- Әзербайжан-Иран шекарасына жақын жерде тікұшақ апатқа ұшырап, Иран президенті Ибраһим Раиси мен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян, тағы жеті жолаушы мен экипаж қаза тапты.
- Кейбір болжамдар бойынша Кристиан Маланга басқарған Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік төңкеріс әрекеті Киншасадағы толқуларға әкелді.[31] Үкімет сарбаздары тез арада араласып, төңкеріс басшыларын тұтқындап, тыныштық орнатты.[32][33]
- 20 мамыр – Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Газадағы Хамас жетекшісін әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер беруді сұрады.
- 24 мамыр
- БҰҰ-ның халықаралық соты Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафақтағы әскери шабуылын тоқтатқанын талап етті.[34]
- Папуа — Жаңа Гвинеядағы ірі көшкін кесірінен 2,000 астам адам көз жұмды.[35]
- 26 мамыр – 2024 жылғы Литва президентін сайлау: қызметте болған президент Гитанас Науседа қайта сайланды.
- 29 мамыр – Оңтүстік Африка Республикасындағы жалпы сайлау: Оңтүстік Африка Республикасының демократиялық тарихында Африкалық ұлттық конгресс тұңғыш рет дауыстың көпшілігіне ие болды.[36]
- 30 мамыр – АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп порно актриса Сторми Дэниэлске берген параға және басқа да айыптарға қатысты сот процесінде 34 тармақ бойынша кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.[37][38]
Маусым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 маусым
- 19 сәуірде басталған Үндістандағы жалпы сайлау аяқталды.[39]
- Исландиядағы президент сайлауы орын алды, нәтижесінде Хадла Тоумасдоуттир президент болды.
- 2 маусым – Мексикадағы жалпы сайлау нәтижесінде Клаудия Шейнбаум Мексиканың тұңғыш әйел президенті болды.[40]
- 6–9 маусым – Еуропалық парламент сайлауы өтті.
- 12 маусым – Біріккен Ұлттар Ұйымының 7 қазандағы шабуылдарға және одан туындаған қақтығыстарға қатысты алғашқы тергеуі Израиль мен Хамастың соғыс қылмыстарын жасағанын анықтады.
- 12 маусым–15 шілде – Германияда Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өтті.
- 23 маусым
- Сауд Арабиясының Мекке қаласында жыл сайынғы қажылық кезінде қатты ыстықтан 1300-ден астам адам қаза тапты делінеді.[41]
- Ресейдегі Дағыстанның Махачқала мен Дербент қалаларында екі түрлі шабуыл орын алған, нәтижесінде 20-ға жуық адам қайтыс болды.[42]
- 24 маусым – WikiLeaks негіздеушісі Джулиан Ассанж кінәсін ішінара мойындауға келіседі де, британдық түрмеден шығып, АҚШ-тың Солтүстік Мариана аралдарына жеткізілді.[43] Ол тыңшылық жасады деген айыптардың біріне кінәсін мойындады да, екі күннен кейін Отаны Аустралияға жеткізілді.[44]
- 26 маусым – Боливияда Хуан Хосе Суньига әскери төңкеріс жасайын деді, бірақ ол сәтсіз шықты.
- 30 маусым–7 шілде – Франциядағы парламент сайлауы орын алды.
Шілде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 4 шілде – Ұлыбританиядағы жалпы сайлау: Кир Стармер Лейбористік партияны ірі жеңіске жеткізеді де, партия 14 жылда тұңғыш рет үкіметке оралды. Премьер-министр Риши Сунак өз қызметін аяқтайды.[45]
- 5 шілде – Ирандағы президент сайлауы: Масуд Пезешкиан Иран президенті болып сайланды.[46]
- 7 шілде – Франциядағы президент сайлауы: солшыл Жаңа халықтық майдан Ұлттық жиналыстағы мандат көпшілігіне ие болды.
- 9–11 шілде – Вашингтонда 33-НАТО саммиті орын алды.
- 13 шілде – 2024 АҚШ президент сайлауы үшін кампаниялаған Дональд Трампқа митинг кезінде Батлер, Пенсильванияда қастандық жасалды.
- 15–16 шілде – Руандадағы жалпы сайлау: Поль Кагаме қайта сайланды.[47]
- 21 шілде – қызметтегі АҚШ президенті Джо Байден қайта сайланудан бас тартты.[48]
- 26 шілде–11 тамыз – Париж, Францияда 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары өтуде.
- 28 шілде – Венесуэладағы президент сайлауы: президент Николас Мадуро сайлаудағы жеңісін жариялады. Нәтижесінде Оңтүстік Американың көптеген елдерінің сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартты және Мадуро үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтатылдым және жалпыұлттық наразылықтар туды.[49]
- 29 шілде – Израиль Бейрут қаласының маңындағы Дахие ауданында шабуыл жасап, Мадждаль-Шамсқа жасалған шабуылға тапсырыс берді деп айыпталған Хизбуллаһ қолбасшысы Фуад Шукрдің өлтірілгенін жариялады.[50][51]
- 30 шілде – Үндістанның Керала штатындағы Ваянад ауданындағы көшкін салдарынан кемінде 334 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланып, 281 адам із-түзсіз жоғалып кетті.[52][53]
- 31 шілде – Хамастың саяси көшбасшысы Исмаил Хания Тегерандағы резиденциясында өлтірілді.[54]
Тамыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 тамыз – Қырғи қабақ соғысы аяқталғалы бергі АҚШ пен Ресей арасындағы ең ірі тұтқын алмасуы орын алды.[55]
- 4 тамыз – Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина бүкілхалықтық наразылық шараларынан кейін отставкасын жариялап, Үндістанға кетеді.[56]
- 7 тамыз – Тайланд Жоғарғы Сотының шешімінен кейін Алға қозғалыс оппозициялық партиясы таратылды да, Пита Лимджароенрат пен басқа саясаткерлерге саясатпен айналысуға тыйым салынды.[57]
- 11 тамыз – Украина президенті Володимир Зеленський Украина әскерінің Ресейдің Курск облысына басып кіргенін жариялады. Әскерлер облыстағы бірнеше жерді жаулады да, 76,000 адам эвакуацияланды.[58]
- 14 тамыз
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екі жыл аралығында маймыл шешегінің таралуын екінші мәрте Қоғамдық денсаулық сақтаудың халықаралық маңызы бар төтенше жағдайы деп жариялады.
- 14–19 тамыз – Кирибатидағы парламент сайлауы.
- 17 тамыз – Индонезия өзінің 79-Тәуелсіздік күнін Нусантарада өткізді. Бұл күні ел астанасы Джакартадан Нусантараға жылжытылады деп жоспарланған еді, алайда кейінге қалдырылды.[59]
- 24 тамыз – Израиль қорғаныс армиясы Ливан оңтүстігінде бірнеше соққы жасайды.[60]
- 31 тамыз – Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмысшының денесі табылды.[61]
Қыркүйек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2 қыркүйек – Бразилия Жоғарғы соты шешімімен Бразилияда X (Twitter атауымен де белгілі) әлеуметтік желісіне тыйым салынды. Осы қаулыға себеп ретінде Бразилия үкіметі дезинформацияның кең тарағаны деп көрген желідегі өзгеріс және Илон Масктың елдегі заңды өкіл атамау шешімі берілді.[62]
- 7 қыркүйек – Алжирдегі президент сайлауы: Қызметтегі президент Әбделмәжид Теббун қайта сайланып, екінші мерзімін бастады.[63]
- 17–18 қыркүйек – Екі жаппай кибершабуыл барысында Хезболла содырлары мен дәрігерлер пайдаланатын пейджерлер мен рациялардың жарылуынан 32 адам қаза тауып, 3000-ға жуық адам жараланды. Болжамды қылмыскер ретінде көбіне Израиль аталады.[64][65][66]
- 20 қыркүйек – Израиль Хезболланың он бір шақты әскербасыларын, солардың ішінде Ибраһим Ақилды өлтіреді. Бұл апта басында болған пейджер жарылысынан кейін Израиль мен Хезболла арасындағы шайқастардың күшеюіне байланысты орын алды.[67]
- 20 қыркүйек – Шри-Ланкадағы президент сайлауы: Шри-Ланка президенті болып солшыл Анура Кумара Диссанаяке сайланды. Бұл ел тарихындағы президент сайлауының тұңғыш екінші айналымынан белгілі болды.[68]
- 23 қыркүйек – 2006 жылдан бергі Израиль–Хезболла қақтығысындағы ең қанды күн орын алды, Ливанға жасалған соққылар нәтижесінде 569 адам қайтыс болды да, 1 835 адам жарақат алды.[69]
- 26 қыркүйек – 2017 жылғы Мария дауылынан кейінгі ең жойқын Атлантикалық дауыл болған Хелен дауылы төртінші санаттағы дауыл ретінде Флоридаға құлады. Онда 236 адам қаза тауып, 685-тен астам адам із-түзсіз жоғалған.[70]
- 27 қыркүйек – Израиль Әскери-әуе күштері Хезболланың Бейрут, Ливандағы бас пунктіне атқылады да, ұйым басшысы Хасан Насралланы өлтірді.[71]
- 29 қыркүйек – Аустриядағы парламент сайлауы: сайлау нәтижесінде дауыстың көпшілігіне аса оңшыл Бостандық партиясы жеңіске жетті, бірақ Ұлттық кеңестегі көпшілікке қол жеткізе алмады. Бұл — аса оңшылдардың Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Аустриядағы тұңғыш жеңісі.[72][73]
- 30 қыркүйек – Ұлыбритания электр энергиясын өндіру үшін көмірден бас тартқан алғашқы G7 елі болды, ел бұл энергия көзін 142 жыл бойы пайдаланып келген еді.[74][75]
Қараша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Болжамды және жоспарланған оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 12 қараша – Палау Республикасындағы жалпы сайлау.
- 13 қараша – Сомалилендтегі президент сайлауы.
- 27 қараша – Намибиядағы жалпы сайлау.
- 7 желтоқсан – Ганадағы жалпы сайлау.
- 8 желтоқсан – Румыниядағы парламент сайлауы.
Күні белгісіз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Желтоқсан – Хорватиядағы президент сайлауы.
Туғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы туғандар
Қайтыс болғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2024 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ БРИКС-ке бес мемлекет қосылды (қаз.). kaz.zakon.kz (1 қаңтар 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ebel, Francesca Defeated by force, Nagorno-Karabakh government declares it will dissolve (ағыл.). The Washington Post (28 September 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ M 7.5 - 42 km NE of Anamizu, Japan (ағыл.). АҚШ геологиялық қызметі (1 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ethiopia signs pact to use Somaliland's Red Sea port (ағыл.). Reuters (1 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Hilda Heine sworn in as President of the Marshall Islands (ағыл.). rnz.co.nz (2 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Iran revises down death toll from Kerman attacks to 84 (ағыл.). xinhua.net (4 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ IS claims responsibility for deadly Iran bombings that killed 84 (ағыл.). BBC News (4 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ecuador declares state of emergency amid prison chaos (ағыл.). Reuters (9 January 2024). Тексерілді, 22 қаңтар 2024.
- ↑ Horton, Alex, Lamothe, Dan, Ryan, Missy, Hauslohner, Abigail U.S.-led coalition strikes Iran-aligned Houthi militants in Yemen (ағыл.). The Washington Post (11 January 2024).
- ↑ a b Queen Margrethe II: Danish monarch announces abdication live on TV (ағыл.). BBC News (31 December 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Unrest grips Comoros as opposition rejects president's re-election (ағыл.). France 24 (17 January 2024). Тексерілді, 22 қаңтар 2024.
- ↑ Progressive Arévalo is ‘virtual winner’ of Guatemala election after corruption angered voters (ағыл.). AP News (20 August 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ragozhina, Nadia No survivors on plane Russia says was carrying 65 Ukrainian PoWs (ағыл.). BBC News (24 January 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Суд ООН потребовал от Израиля принять меры для защиты палестинцев в Газе (орыс.). интерфакс (26 января 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Voting begins in tiny Tuvalu in election that reverberates from China to Australia (ағыл.). npr (25 January 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Hage Geingob, Namibia’s president, dies aged 82 after cancer treatment (ағыл.). The Guardian (4 February 2024). Тексерілді, 5 ақпан 2024.
- ↑ Кучера, Джошуа Қарабақты қайтарған Әзербайжанда президентті сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? (қаз.). Азаттық радиосы (2 ақпан 2024). Тексерілді, 8 ақпан 2024.
- ↑ Сұлтанова, Аида Preliminary results show Azerbaijan’s president wins re-election, as expected (ағыл.). Associated Press (7 February 2024). Тексерілді, 8 ақпан 2024.
- ↑ Бүгін түнде сағат тілі ауысады: қазақстандықтар не істеуі керек (қаз.). SPUTNIK (29 ақпан 2024). Тексерілді, 29 ақпан 2024.
- ↑ Sweden officially joins NATO (ағыл.). НАТО (7 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Sweden finally joins Nato after nearly two-year wait (ағыл.). The Guardian (7 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Grant, Will; Gregory, James және Armstrong, Kathryn Haiti's prime minister Ariel Henry resigns as law and order collapses (ағыл.). BBC News (11 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Gilchrist, Karen World’s first major act to regulate AI passed by European lawmakers (ағыл.). CNBC (13 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Путин бесінші рет Ресей президенті болып қайта сайланды (қаз.). КазТАГ (18 наурыз 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
- ↑ Romania and Bulgaria to join Schengen border-free zone by air and sea (ағыл.). BBC News (28 December 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ South Korea’s 2024 General Election: Results and Implications (ағыл.). CSIS. Тексерілді, 29 наурыз 2024.
- ↑ Eurovision: Switzerland wins 2024 song contest (ағыл.). Неміс толқыны (5 November 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ UN general assembly calls on Security Council to admit Palestine as member (ағыл.). BBC News (10 May 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ Сот Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға түрме жазасына кесті (қаз.). Азаттық радиосы (13 мамыр 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалынған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді (қаз.). kz.kursiv.media (15 мамыр 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Three reported killed as DR Congo military averts ‘attempted coup’ (ағыл.). Әл Жазира теларнасы (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Shooting in Kinshasa is a failed coup d'état, says Congolese army (ағыл.). Le Monde (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Shooting in Kinshasa is a failed coup d'état, says Congolese army (ағыл.). voaafrica.com (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Аянова, Айнель БҰҰ Израильді Рафақтағы атысты тоқтатуға міндеттеді (қаз.). qaz.ulysmedia.kz (24 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Папуа-Жаңа Гвинея "2 мыңнан астам адам қаза тапқан" көшкінге байланысты әлем елдерінен көмек сұрады (қаз.). kaz.nur.kz (27 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Chothia, Farouk ANC facing worst result since end of apartheid (ағыл.). BBC News (3 June 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Алқабилер "Дональд Трамп – кінәлі" деп ұйғарды (қаз.). Азаттық радиосы (31 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Төленді, Ақниет Тарихи процесс: АҚШ алқабилер соты Дональд Трампты кінәлі деп таныды (қаз.). kz.kursiv.media (31 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Үндістанда парламенттік сайлау өтеді (қаз.). kaz.inform.kz (17 наурыз 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Мексикадағы сайлауда Клаудия Шейнбаум алға шықты (қаз.). Азаттық радиосы (3 маусым 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Пірімқұл, Жазира Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1 300-ден астам адам қайтыс болды (қаз.). informburo.kz (24 маусым 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Дағыстандағы шабуылдан 15 полицей қаза тапқан (қаз.). Азаттық радиосы (24 маусым 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Дағыстандағы шабуылдан 15 полицей қаза тапқан (қаз.). Азаттық радиосы (24 маусым 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Amos, Owen Julian Assange leaves UK after being freed in US plea deal (ағыл.). BBC News (25 June 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Seddon, Paul Keir Starmer: Labour leader to become UK prime minister (ағыл.). BBC News (5 July 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Серікхан, Азамат Иранның жаңа президенті анықталды. Масуд Пезешкиан сайлау додасында жеңіске жетті (қаз.). kz.kursiv.media (6 шілде 2024). Тексерілді, 8 шілде 2024.
- ↑ Әділбекұлы, Арыс Трамп бір өлімнен аман қалды. Бұл қастандық жайлы не білеміз? (қаз.). inbusiness.kz (14 шілде 2024). Тексерілді, 15 шілде 2024.
- ↑ Байден президент сайлауына түсуден бас тартты (қаз.). Азаттық радиосы (21 шілде 2024). Тексерілді, 4 тамыз 2024.
- ↑ Венесуэлада президент сайлаудың ресми қорытындысына наразылық қақтығысқа ұласты (қаз.). Азаттық радиосы (30 шілде 2024). Тексерілді, 4 тамыз 2024.
- ↑ Israel confirms it has carried out a 'targeted' strike. BBC News. Тексерілді, 30 шілде 2024.
- ↑ Blast reported in Lebanon's capital Beirut. Әл-Жазира телеарнасы (30 шілде 2024).
- ↑ Wayanad landslides: 133 dead, 481 saved, at least 98 still missing. Onmanorama. Тексерілді, 30 шілде 2024.
- ↑ Wayanad landslides: 240 still missing as rescue op enters third day, death tolll rises to 276. Onmanorama. Тексерілді, 1 тамыз 2024.
- ↑ ХАМАС-тың саяси бюро басшысы Хания Тегеранда өлтірілді-БАҚ (қаз.). Интерфакс-Казахстан (31 шілде 2024). Тексерілді, 4 тамыз 2024.
- ↑ Ресей мен Батыс елдері тұтқын алмасып жатыр (қаз.). Азаттық радиосы (1 тамыз 2024). Тексерілді, 4 тамыз 2024.
- ↑ Бангладеш премьер-министрі елден кетті, президенті парламентті таратты (қаз.). Азаттық радиосы (6 тамыз 2024). Тексерілді, 9 тамыз 2024.
- ↑ Head, Jonathan Thai court dissolves reformist party that won election. BBC News (7 тамыз 2024). Мұрағат көшірмесі 7 тамыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Из Курской области эвакуированы 76 тысяч человек. Россия направляет подкрепление на границу (орыс.). ru.euronews.com (10 августа 2024). Тексерілді, 27 тамыз 2024.
- ↑ Indonesia's new capital isn't ready yet. The president is celebrating Independence Day there anyway (ағыл.). AP News (17 August 2024). Тексерілді, 18 тамыз 2024.
- ↑ Shankar, Vivek Israel Begins Striking Hezbollah in Lebanon. The New York Times (24 тамыз 2024). Тексерілді, 24 тамыз 2024.
- ↑ ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көмек көрсетілді. aikyn.kz (31 тамыз 2024). Тексерілді, 3 қыркүйек 2024.
- ↑ "Brazil Supreme Court Upholds Judge's Decision to Block X" (in en). Time. 2024-09-02. https://time.com/7016848/brazil-supreme-court-blocks-x-nationwide/. Retrieved 2024-09-04.
- ↑ Algeria's Abdelmadjid Tebboune re-elected president with 94.7 percent vote (ағыл.). Әл-Жазира (8 September 2024). Тексерілді, 9 қыркүйек 2024.
- ↑ Пейджер жарылысы: Иранның Ливандағы елшісі ауыр жарақат алған. egemen.kz (17 қыркүйек 2024). Тексерілді, 27 қазан 2024.
- ↑ Ливанда пейджерлерден кейін рациялар да жарыла бастады. Азаттық радиосы (18 қыркүйек 2024). Тексерілді, 27 қазан 2024.
- ↑ Israel war on Gaza live: Nine killed, 2,750 hurt in Hezbollah pager blasts, Әл-Жазира. Тексерілді 17 қыркүйектің 2024.
- ↑ Ravid, Barak Israel says it killed top Hezbollah military commander in Beirut strike (ағыл.). Axios (20 September 2024). Тексерілді, 27 қазан 2024.
- ↑ Anura Kumara Dissanayake: Left-leaning leader wins Sri Lanka election (ағыл.). www.bbc.com. Тексерілді, 22 қыркүйек 2024.
- ↑ Thousands flee homes as Lebanon says more than 550 people killed in Israeli strikes since Monday (ағыл.). www.bbc.com (24 September 2024). Тексерілді, 24 қыркүйек 2024.
- ↑ Emma Bowman; Miguel Macias; Jaclyn Diaz Helene death toll rises to 120 as millions remain without power. NPR (30 қыркүйек 2024). Мұрағат көшірмесі 30 қыркүйектің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Төре, Қаламқас "Хезболла" лидері Хасан Насралла өлтірілді (қаз.). nur.kz (28 қыркүйек 2024). Тексерілді, 28 қазан 2024.
- ↑ Austria's Freedom Party secures first national election win for far-right since World War II (ағыл.), Australian Broadcasting Corporation (30 September 2024).
- ↑ Kirby, Paul; Bell, Bethany. Far right in Austria 'opens new era' with election victory (ағыл.), BBC (30 September 2024).
- ↑ UK to finish with coal power after 142 years (ағыл.). BBC News (30 September 2024). Тексерілді, 30 қыркүйек 2024.
- ↑ Q&A: How the UK became the first G7 country to phase out coal power (ағыл.). Carbon Brief (27 September 2024). Тексерілді, 30 қыркүйек 2024.
2024 жылға арналған күнтізбе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |