Puttin’ on the Ritz (ән)
Puttin’ on the Ritz | ||
---|---|---|
Фред Астер синглі | ||
Шығарылған | 1930
| |
Жазылған | 1929
| |
Өлең авторы | Ирвинг Берлин | |
Ұзақтығы | 02:35 | |
Лейблі | Columbia
|
«Puttin’ on the Ritz» (қаз. Сəнге сəйкес киіну) — америкалық джаздың үздік шығармасы, оны 1929 жылы Ирвинг Берлин жазды. Голливудтың сəн үйлеріне сілтейтін əн 1930 жылы «Puttin' on the Ritz enru» атты фильм шыққаннан кейін атақты болды. Бұл фильмде басты рөлдерді Гарри Ричман мен Джоан Беннетт сомдады. Бұл əн Голливудтың бейресми гимні болып есептеледі, американдық эстраданың классикалық репертуарына кіреді.
Жазылу тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1929 жылы Ирвинг Берлин «Puttin’ on the Ritz» өлеңінің əні мен сөзін жазды, ал 1930 жылы əнмен аттас фильм түсірілді. Дəл осы жылы «Puttin’ on the Ritz» əнін алғаш рет Фред Астер орындады.
1930 жылдары АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы қозғалыстар əлсіз болғандықтан, əннің түпнұсқасы негрлердің кедейлігі мен өмір сүру салты жайлы сөздерге толы болатын. 1946 жылы Берлин өлеңнің сөзіне өзгерістер енгізді: ондағы «high browns» секілді расизммен байланысты ойлар алып тасталып, Ленукс-авеню Парк-авенюге ауыстырылды. Сонымен қатар, əнге сол кезеңдегі атақты Голливудтық актер Гэри Купер мен əлемдегі алғашқы миллиардер Джон Рокфеллердің аттары қосылды.
Түпнұсқасы | 1946 жылғы нұсқасы |
---|---|
(A1) Have you seen the well-to-do Up on Lenox Avenue? |
(A1) Have you seen the well-to-do Up and down Park Avenue? |
(A2) High hats and colored collars, White spats and fifteen dollars, |
(A2) High hats and narrow collars, White spats and lots of dollars, |
(B1) If you’re blue and you don’t know Where to go to, why don’t you go |
(B1) Now, if you’re blue and you don’t know Where to go to, why don’t you go |
(B2) Spangled gowns upon the bevy of high browns from down the levee, |
(B2) Different types who wear a day coat pants with stripes and cut-away |
(C) That’s where each and every Lulu-belle goes Every Thursday evening with her swell beaus |
(C) Dressed up like a million dollar trooper Trying hard to look like Gary Cooper |
(B3) Come with me, and we’ll attend their jubilee, and see them spend their |
(B3) Come let’s mix where Rockefellers walk with sticks and um-ber-ellas |
Кейінірек əннің жаңа нұсқасын 47 жастағы Фред Астер «Көгілдір аспан» (1946) филмінде орындады. Айта кетерлік жайт, əн айтылатын эпизод фильм түсіріліп болғаннан кейін дайындалды, билейтін актерлар бұл эпизодқа 5 апта бойы дайындалған болатын. Нəтижесінде Фред Астер чечётканың керемет үлгісін көрсетіп, осы қойылым классика қатарына қосылды.
Аранжировкалары жəне каверлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзінің ерекше музыкалық құрылымы мен лирикалық құрамына сəйкес, «Puttin’ on the Ritz» көптеген əншілер орындаған əн болып табылады. Джаз бен свинг жанры əншілерінің қатарынан əннің жаңа нұсқаларын Бенни Гудмен, Элла Фицджеральд, Джуди Гарленд, Руфус Уэйнрайт, Нил Даймонд, Кенни Болл, Pasadena Roof Orchestra, The Clevelanders, The Swingle Singers, Mad Band, Beegie Adair секілді əншілер мен топтар жазып шығарды.
Өзге жанр музыканттарынан Майкл Джексон, Leningrad Cowboys, Shiny Toy Guns, Брет Отри жəне тағы басқа əншілерді айта кеткен жөн.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]==Дереккөздер==