Social media marketing
Social media marketing (SMM) немесе Әлеуметтің медиа маркетингі — брендке, я болмаса өнімге әлеуметтік тұғырлар арқылы трафик немесе көңіл аударту процесі.[1][2] Бұл компанияларды ілгерілету және басқа да іскерлік тапсырмаларды шешетін арна ретінде әлеуметтік медианы қолданыс шараларының кешені.
SMM-нің негізгі қағидасы — аудиториямен өзара әрекеттесу. Яғни, өз брендіңізді ұсынып қана қоймай, әлеуетті клиенттермен диалог құру қажет. Ол үшін аудиторияның назарын аударуға және олардың қызығушылықтарын тудыруға мүмкіндік беретін мәтіндер, суреттер және бейнелер сияқты әртүрлі контент түрлерін қолдану қажет.
Әлеуметтік медиа контент құру — бұл мақсатты аудиторияны (целевая аудитория) түсінуді, тануды және олар үшін қызықты да пайдалы контент құруды қажет ететін өнер. Сондай-ақ, пайдаланушылардың пікірлеріне жауап бере отырып, брендтің әлеуметтік медиа беделін сақтай білу өте маңызды.[3]
Платформалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Social Media Marketing копманияларға және жеке тұлғаларға клиенттік қызметтін қосымша арнасын ұсынады. Осылайша, жаңа клиенттер тартылады, нарық зерттеледі және фирманың жалпы репутациясы қадағалана алады.
Әлеуметтік медиа тұғырларының кейбіреулері:
Әлеуметтік медиа платформасының мақсаты клиенттерге компаниямен қарым-қатынас ортану тұғырын ұсыну. Бұндай платформалардың маңызы сол, клиенттердің ой-пікірлері бағаланып, назарға алынады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ What is Social Media Marketing. Search Engine Land. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қазан 2012. Тексерілді, 11 қаңтар 2012.
- ↑ Trattner, C., Kappe, F.: Social Stream Marketing on Facebook: A Case Study. International Journal of Social and Humanistic Computing (IJSHC), 2012.
- ↑ SMM деген не? - Tabysker.kz
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|