Valve
Valve Corporation | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
1996 |
Орналасуы | |
Басты адамдары | |
Саласы |
Компьютерлік ойындарды жасау |
Айналым |
$ 2,5 млрд. (2012) |
Операциялық кірісі |
$ 1 млрд. (2012) |
Қызметкерлер саны |
~336 (2021) |
Сайты |
Valve корпорациясы (Valve Corporation, бұрын Valve Software) — әр түрлі жанрдағы ойындарды құрастырушы және шығарушы америкалық компания. Компанияның штаб-пәтері Белвью (Вашингтон) қаласында орналасқан. Оны 1996 жылы бұрынғы Microsoft-тың жұмысшылары Гейб Ньюэлл мен Майком Харрингтон құрған. Компания Steam ойындарды тарату платформасы мен Half-Life, Counter-Strike, Portal, Day of Defeat, Team Fortress, Left 4 Dead және Dota ойындарын жасаушы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Microsoft-тағы көп жылық тәжірибеден кейін, Гейб Ньюэлл мен Майк Харрингтон 1996 жылы VALVE SOFTWARE фирмасының іргесін қалады. Құраушылар бұндай атаққа қол жеткізу үшін біршама көп уақыт жоғалтты. Олар өздерінің Quake лицензиясын сатып алғаннан кейін Quiver (Half-Life) ойынын құрастыруға кірісті. Бұл ойынның сценариін жазуға кәсіби жазушы-фантастик Марк Лэйдлоу шақырылған болатын.
Алғаш рет бұл ойын 1997 жылы Е3 көрмесінде көрсетіліп, сол көрменің хиты болған еді. Ойынды 1997 жылы шығарғылары келгенімен бірақ ойын 1998 жылдың 31 қазанында ғана жарық көрді. Ойын өз шығарушыларына өте үлкен дәреже алып келді. Бұл ойын шыққаннан кейін Half-Life ары қарай ештеңе шығармады, ал олардың ойындарын Gearbox Software компаниясы дамытып отырды.
Атағы шыққан ойынға біршама өзгертулер енгізілді: Half-Life: Oppasing Force, Half-Life: Blue Shift және және PS2-ға арналған версия — Half-LIfe: Decay. Содан басқа дамытушылықтың арқасында желіде ойналатын: Counter-Strike (CS), TFC, DMC секілді ойындар шыға бастады.