Siri көмекшісін CarPlay жүйесін басқару үшін пайдалану
CarPlay жүйесі қажетті нәрсеңізді сұрай алуыңыз үшін Siri дауысты басқару элементін пайдаланады. (CarPlay жүйесін басқару үшін көлігіңіздің кірістірілген басқару элементтерін пайдалануыңызға да болады.)
CarPlay жүйесінде Siri көмекшісін пайдалану
Siri сигнал ойнатқанша келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Рөлдегі дауыстық пәрмен түймесін басып тұрыңыз.
CarPlay жүйесін көрсетіп тұрған
түймесін немесе
түймесін басып тұрыңыз.
Қолдау көрсетілетін көліктерде AirPods құлаққаптарын тағып тұрған кезде, Siri көмекшісін белсендіру үшін «Hey Siri» десеңіз де болады.
Siri көмекшісін сұрақ сұрау немесе бірнәрсені орындау үшін пайдаланыңыз.
Siri: Мына сөздер сияқты бірнәрсені айтыңыз:
«Get directions to the nearest coffee shop»
«Call Eliza Block»
«Play more songs like this one»
«Show me the map»
«What’s my next meeting?»
«What’s the weather for today?»
«Remind me to pack an umbrella when I get home»
Кеңес: Siri көмекшісінің сөйлеуді тоқтатқаныңызды байқауын күтудің орнына сөйлеп жатқанда рөлдегі дауыстық пәрмен түймесін басып тұра беруіңізге, одан кейін аяқтаған кезде оны босатуыңызға болады.
Siri көмекшісі CarPlay жүйесінде үйге келгеніңізде немесе келесі жиналысыңызға шыққаныңызда гараж есігін басқару сияқты келесі орындауыңыз керек нәрсе үшін ұсыныстар да жасайды. «Siri ұсыныстары» туралы бөлімін қараңыз.