Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
iPhone құрылғысындағы Safari қолданбасында кейінірек оқу үшін веб-беттерді сақтау
Қызық нәрселерге кейінірек қайта кіре алуыңыз үшін оларды Оқу тізіміңізде сақтаңыз. Керек десеңіз Оқу тізімінде элементтерді сақтауыңызға және оларды интернетке қосылмаған кезде оқуыңызға болады.
Ағымдағы веб-беттерді Оқу тізіміңізге қосу
iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Оқу тізіміне қосу» түймесін түртіңіз.
Кеңес: Байланыстырылған веб-бетті оны ашпастан қосу үшін сілтемені басып тұрыңыз, одан кейін «Оқу тізіміне қосу» түймесін түртіңіз.
Оқу тізіміңізді қарау
iPhone құрылғыңызда Safari қолданбасына
өтіңіз.
түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз.
Элементті Оқу тізіміңізден жою үшін элементте солға сырғытыңыз.
Барлық Оқу тізімінің элементтерін iCloud қызметіне офлайн кезде оқу үшін автоматты түрде сақтау
«Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Safari» тармағына өтіңіз.
«Автоматты түрде офлайн сақтау» реттеуін (Оқу тізімінің төменгі жағында) қосыңыз.