iPhone құрылғысындағы «Камераны басқару» түймесінің әмбебап қол жеткізу параметрлерін реттеу
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» түймесін аздап басуға керекті қысымды немесе оны екі рет аздап басуға қажетті жылдамдықты өзгертуіңізге болады. Сондай-ақ «Масштабтау» немесе «Тереңдік» сияқты басқару элементтеріне қол жеткізу үшін пайдаланатын қимылды өзгертуіңізге, сол қимылды ажыратып тастауға немесе Камераны басқару элементтерін түгелімен ажыратып тастауға болады.
«Реттеулер»
> «Әмбебап қол жеткізу» > «Камераны басқару» тармағына өтіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«Камераны басқару» түймесін түгелімен ажыратып тастау «Камераны басқару» параметрін өшіріңіз.
Басқару элементтеріне қол жеткізу үшін ақырын басу қимылын қолданыңыз: «Ақырын басу» параметрін қосыңыз. Қимылды ажыратып тастау үшін оны өшіріңіз.
Басқару элементтеріне қол жеткізу үшін жанап өту қимылын қолданыңыз: «Жанап өту» қимылын қосыңыз. Қимылды ажыратып тастау үшін оны өшіріңіз.
«Камераны басқару» түймесін аздап басуға қажетті қысымды реттеу: «Ақырын басу күші» тізімінің төменіндегі қаттылық опциясын таңдаңыз. Орнатқан қысымды сынау үшін қимылды үйренуіңізге болады.
«Камераны басқару» түймесін аздап екі рет басуға қажетті жылдамдықты реттеу: «Екі рет ақырын басу жылдамдығы» тізімінен iPhone ақырын екі рет басуды тануы үшін қаншалықты жылдам басу қажет екенін таңдаңыз.
Сондай-ақ Камераны басқару элементін «Лупа» қолданбасын ашатын етіп бейімдеуіңізге болады. Басқа қолданбаны ашу үшін «Камераны басқару» функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.