iPhone құрылғыңыз туралы ақпарат алу
Жалпы жад қолжетімділігін және әр қолданба пайдаланған жадты қараңыз
«Реттеулер» > «Жалпы» > «iPhone сақтау орны» тармағына өтіңіз.
iPhone және iPad құрылғыларында жадты тексеру жолы және iCloud сақтау орнын басқару атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақалаларын қараңыз.
Аккумулятор қолданысын қарау
iPhone құрылғысы зарядталғалы, сонымен қатар қолданбаның аккумуляторды қолдануынан бері өткен уақытты қарау үшін «Реттеулер» > «Аккумулятор» тармағына өтіңіз.
Сондай-ақ, аккумулятор деңгейін пайыз ретінде көрсетуіңізге, «Заряд үнемдеу режимі» параметрін қосуыңызға немесе өшіруіңізге және аккумулятордың жағдайын тексеруіңізге болады.
iPhone құрылғысының аккумулятор деңгейін бақылау бөлімін қараңыз.
Қоңырау уақыты мен ұялы желі қолданысын қарау
«Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз. iPhone құрылғысындағы ұялы деректер реттеулерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.
IMEI идентификаторыңызды табу
iPhone құрылғыңыздың IMEI (International Mobile Equipment Identity) идентификаторын «Реттеулер» қолданбасында қарай аласыз.
«Реттеулер»
> «Жалпы» > «Ақпарат» тармағына өтіңіз.
IMEI идентификаторыңызды табу үшін төмен жылжыңыз.
Атауын, үлгісін, iOS нұсқасын, сериялық нөмірін және т.б. көру
«Реттеулер» > «Жалпы» > «Ақпарат» тармағына өтіңіз. Қарауға болатын элементтерге келесілер жатады:
Атауы
iOS бағдарламалық жасақтамасының нұсқасы
Үлгі атауы
Бөлшек және үлгі нөмірлері. Үлгі белгісінің оң жағында бөлшек нөмірі пайда болады. Үлгі нөмірін көру үшін бөлшек нөмірін түртіңіз.
Сериялық нөмір
Әндер, видеолар, фотолар және қолданбалар саны
Сыйымдылық және қолжетімді сақтау орны
Wi-Fi және Bluetooth® мекенжайлары
Ұялы желі
Оператор реттеулері. «Ұялы байланыс операторы» түймесінің оң жағында байланыс операторы реттеулерінің нұсқа нөмірі пайда болады. Қосымша байланыс операторына қатысты ақпаратты көру үшін нұсқа нөмірін түртіңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
GSM желілері үшін ICCID (Чип-карта идентификаторы немесе смарт карта)
CDMA желілері үшін MEID (Мобильді жабдық идентификаторы)
Модем микробағдарламасы
Сериялық нөмірді және басқа идентификаторларды көшіру үшін идентификаторды «Көшіру» түймесі пайда болғанша басып тұрыңыз.
«Нормативтік-құқықтық құжат» ақпаратын (соның ішінде заңды ескертулер мен лицензия, кепілдік және РЖ әсері туралы ақпарат) және нормативтік белгілерді көру үшін «Реттеулер» > «Жалпы» > «Нормативтік-құқықтық ақпарат» тармағына өтіңіз.
Қолдау көрсетілген үлгілерде SIM картасында IMEI кодын және SIM науасының саңылауында үлгі нөмірін де таңба аласыз.
Диагностикалық мәліметтерді қарау немесе өшіру
«Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Аналитика және жақсартулар» тармағына өтіңіз.
Apple корпорациясына өнімдері мен сервистерін жақсартуға көмектесу үшін iPhone құрылғысы диагностикалық және қолданыс деректерін жібереді. Бұл деректер жеке басыңызды анықтамайды, бірақ геолокация туралы мәліметтерді қамтиды.