iPhone құрылғысында ұялы қызметті баптау
Ұялы желіге қосылу үшін iPhone құрылғыңызға физикалық SIM немесе eSIM картасы қажет. (Барлық опциялар барлық үлгілерде немесе барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. АҚШ-та сатып алынған iPhone 14 және одан кейінгі үлгілерінде тек eSIM картасын пайдалана аласыз.) SIM картасын алу және ұялы желі сервисін баптау үшін операторыңызға хабарласыңыз.
eSIM картасын баптау
Қолдау көрсетілген iPhone үлгілері оператор ұсынған eSIM картасын сандық түрде сақтай алады. Оператор тарапынан eSIM картасын белсендіру немесе eSIM картасын жылдам тасымалдау мүмкіндігін қолдаса, iPhone құрылғыңызды қосуыңызға болады және баптау кезінде eSIM картаңызды белсендіру үшін нұсқауларды орындаңыз.
Баптауды аяқтап қойған болсаңыз, мына әрекеттерді орындаңыз:
iPhone құрылғыңызды міндетті түрде қолжетімді Wi-Fi желісіне немесе ұялы желіге қосыңыз. eSIM картасын баптау үшін Интернет қосылымы қажет.
Мына әдістердің біреуін пайдаланып eSim картасын қосыңыз:
Оператор тарапынан eSIM картасын белсендіру: Кейбір операторлар жаңа eSIM картасын тікелей iPhone құрылғысына тағайындай алады; бұл процесті бастау үшін операторға хабарласыңыз. «Ұялы байланысты баптау әрекетін аяқтау» хабарландыруын алған кезіңізде оны түртіңіз. «Реттеулер»
> «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ұясы байланыс» баптау немесе «eSIM картасын баптау» түймесін түртіңіз.
eSIM картасын жылдам тасымалдау құралы: Кейбір операторлар телефон нөмірін бұрынғы iPhone құрылғыңыздан жаңа iPhone құрылғыңызға оларға хабарласу қажеттілігінсіз тасымалдауды қолдайды (екі құрылғыда да iOS 16 немесе одан кейінгі жүйені талап етеді).
Жаңа iPhone құрылғыңызда «Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, «Ұялы деректерді баптау» немесе «eSIM қосу» реттеуін түртіңіз, одан кейін «Жақындағы iPhone-нан тасымалдау» түймесін түртіңіз немесе телефон нөмірін таңдаңыз. Алдыңғы iPhone құрылғыңызда тасымалдауды растау үшін нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: Телефон нөміріңіз жаңа iPhone құрылғыңызға тасымалданғаннан кейін, ол алдыңғы iPhone құрылғыңызда жұмысын тоқтатады.
Операторыңыз берген QR кодын сканерлеңіз: «Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ұялы деректерді баптау» немесе «eSIM қосу» түймесін түртіңіз, одан кейін «QR кодты пайдалану» түймесін түртіңіз. (Бірінші «Басқа опциялар» түймесін түртуіңіз керек болуы мүмкін.) iPhone құрылғысын QR код кадрда болатындай етіп орналастырыңыз немесе мәліметтерді қолмен енгізіңіз. Операторыңыз берген растау кодын енгізу сұралуы мүмкін.
Басқа смартфоннан тасымалдау: Алдыңғы телефоныңыз Apple iPhone болмаса, телефон нөмірін тасымалдау үшін операторыңызға хабарласыңыз.
Қызметті қатысушы оператордың қолданбасы арқылы белсендіру: App Store дүкеніне өтіңіз, оператордың қолданбасын жүктеп алыңыз, одан кейін ұялы желі сервисін белсендіру үшін қолданбаны пайдаланыңыз.
eSIM белсендірілгенін тексеру үшін «Реттеулер» > «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, одан кейін жаңа желі (eSIM карталарының астындағы) қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Ақауларды жою қадамдарын iPhone құрылғыңызда eSIM картасын орната алмасаңыз атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласынан қараңыз.
Физикалық SIM картасын орнату
Нано-SIM картасын оператордан алуыңызға немесе оны алдыңғы iPhone құрылғысынан көшіруіңізге болады.
Ескертпе: Физикалық SIM картасы АҚШ-та сатып алынған iPhone 14 және одан кейінгі үлгілерде жұмыс істемейді.
Қағаз қысқышын немесе SIM картасын шығару құралын SIM науасының кішкентай тесігіне кіргізіңіз, одан кейін науаны шығару үшін iPhone құрылғысына қарай итеріңіз.
Ескертпе: SIM науасының пішіні мен бағдары iPhone үлгісіне және еліңізге немесе аймағыңызға байланысты болады.
Науаны iPhone құрылғысынан шығарыңыз.
SIM картасын науаға салыңыз. Бұрышталған бұрышы дұрыс бағытты анықтайды.
Науаны iPhone құрылғысына қайта салыңыз.
Егер бұрын SIM картасында PIN кодын баптаған болсаңыз, сұралған кезде PIN кодын абайлап енгізіңіз.
ЕСКЕРТУ: SIM PIN кодын табуға ешқашан әрекет етпеңіз. Қате табу SIM картаңызды түбегейлі құлыптауы мүмкін және жаңа SIM картасын алмайынша телефон қоңырауларын шала алмайсыз немесе байланыс операторыңыз арқылы ұялы деректерді пайдалана алмайсыз. iPhone немесе iPad құрылғыңыз үшін SIM PIN кодын пайдалану атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Физикалық SIM картасын eSIM картасына түрлендіру
Операторыңыз оны қолдаса, физикалық SIM картасын қолдау көрсетілетін iPhone үлгісінде eSIM картасына түрлендіруіңізге болады.
«Реттеулер»
> «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз, «Ұялы байланыс» баптау немесе «eSIM картаны баптау» түймесін түртіңіз, одан кейін физикалық SIM картасы бар телефон нөмірін таңдаңыз.
«eSIM картаға түрлендіру» түймесін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Маңызды: Ұялы мүмкіндіктердің қолжетімділігі сымсыз желіге, iPhone үлгісіне және геолокацияға байланысты болады.
Ұялы желі жоспарларыңызды басқару кезінде, әсіресе iPhone құрылғысымен саяхаттаған кезіңізде қолданыстағы деректер, дауыс және роуминг ақыларын қарастырыңыз. Ұялы деректер реттеулерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.
Кейбір байланыс операторлары iPhone құрылғысының құлпын басқа байланыс операторымен пайдалану үшін ашуыңызға мүмкіндік береді (қосымша ақылар алынуы мүмкін). Рұқсат алу және баптау ақпараты үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз. Басқа оператормен пайдалану үшін iPhone құрылғысының құлпын ашу жолы атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.