Magic Keyboard пернетақтасын iPhone құрылғысымен жұптау
iPhone құрылғыңызда мәтінді енгізу үшін Magic Keyboard пернетақтасын, соның ішінде Numeric Keypad тақтасы бар Magic Keyboard пернетақтасын пайдалануыңызға болады. Magic Keyboard пернетақтасы iPhone құрылғысына Bluetooth® арқылы қосылады.
Magic Keyboard пернетақтасын жұптау
Пернетақтаның қосулы және зарядталған екенін тексеріңіз.
iPhone құрылғысында «Реттеулер»
> «Bluetooth» тармағына өтіңіз, одан кейін Bluetooth реттеуін қосыңыз.
Құрылғы «Басқа құрылғылар» тізімінде пайда болған кезде оны таңдаңыз.
Ескертпе: Magic Keyboard басқа құрылғымен жұпталып қойған болса, Magic Keyboard пернетақтасын iPhone құрылғыңызға қоспастан бұрын олардың жұбын ажыратуыңыз керек. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
iPhone немесе iPad құрылғысында: Bluetooth керек-жарақтарын ажырату бөлімін қараңыз.
macOS 13 немесе одан кейінгі жүйеде: Apple мәзірі
> «System Settings» тармағын таңдаңыз, бүйірлік жолақта «Bluetooth» түймесін басыңыз, құрылғыны Control пернесімен басыңыз, одан кейін «Forget» реттеуін таңдаңыз.macOS 12.5 немесе оған дейінгі жүйеде: Apple мәзірі > «System Preferences» тармағын таңдаңыз, «Bluetooth» түймесін басыңыз, құрылғы атауын Control пернесін басып тұрып басыңыз, одан кейін «Remove» түймесін басыңыз.
Magic Keyboard пернетақтасын iPhone құрылғысына қайта қосу
Magic Keyboard артындағы қосқышын Off күйіне қойғаныңызда немесе оны немесе iPhone құрылғысын Bluetooth ауқымынан тыс—шамамен 10 метрге (33 фут) жылжытқан кезде ажырайды.
Қайта қосу үшін пернетақта қосқышын On күйіне орнатыңыз немесе пернетақта мен iPhone құрылғысын қайтадан ауқымға әкеліңіз, одан кейін кез келген пернені басыңыз.