iPhone құрылғысында iCloud күнтізбелерін бөлісу
«Күнтізбе» қолданбасында iCloud күнтізбесін басқа iCloud пайдаланушыларымен бөлісе аласыз. Күнтізбені бөліскеніңізде, басқалар оны көре алады және оларға оқиғалар қосуға немесе өзгертуге рұқсат бере аласыз. Сондай-ақ, кез келген адам қарай алатын, бірақ бөлісе алмайтын тек оқуға арналған нұсқаны бөлісуіңізге болады.
iCloud күнтізбесін жасау
iPhone құрылғыңызда «Күнтізбе» қолданбасына
өтіңіз.
Экранның төменгі жағындағы «Күнтізбелер» түймесін түртіңіз.
«Күнтізбе қосу» түймесін түртіңіз.
«Күнтізбе қосу» түймесін түртіңіз, жаңа күнтізбенің атауын енгізіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
iCloud әдепкі күнтізбеңіз болмаса, «Аккаунттар» түймесін, одан кейін iCloud опциясын түртіңіз. Күнтізбе реттеулеріңізді өзгерту бөлімін қараңыз.
iCloud күнтізбесін бөлісу
Күнтізбені iCloud сервисінде бір немесе бірнеше адаммен бөлісе аласыз. Шақырған адамдарыңыз күнтізбеге қосылу үшін шақыруды алады.
iPhone құрылғыңызда «Күнтізбе» қолданбасына
өтіңіз.
Экранның төменгі жағындағы «Күнтізбелер» түймесін түртіңіз.
Бөліскіңіз келетін iCloud күнтізбесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.
«Адам қосу» түймесін түртіп атты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз немесе контактілер тізімін шолу үшін
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: iCloud күнтізбесін бөлісу үшін контактілеріңізде электрондық пошта мекенжайы болуы керек. Контакт ақпаратын қосу және пайдалану бөлімін қараңыз.
«Қосу» түймесін, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Адамның ортақ күнтізбеге қол жеткізуін өзгерту
Күнтізбеңізді бөлісу үшін адамды шақырғаннан кейін олардың күнтізбені өңдеу мүмкіндігін қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады, не болмаса күнтізбені ол адаммен бөлісуді тоқтатуыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда «Күнтізбе» қолданбасына
өтіңіз.
«Күнтізбелер» түймесін түртіңіз, ортақ күнтізбенің жанындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін адамның атын түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«Өңдеуге рұқсат беру» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
«Бөлісуді тоқтату» түймесін түртіңіз.
Ортақ күнтізбелер үшін хабарландыруларды өшіру
Біреу бөлісіп отырған күнтізбеңізді өзгерткенде, сізге өзгерту туралы хабарланады. Хабарландыруларды алғыңыз келмесе, оларды өшіруіңізге болады.
«Реттеулер»
> «Хабарландырулар» > «Күнтізбе» > «Хабарландыруларды бейімдеу» тармағына өтіңіз.
«Ортақ күнтізбедегі өзгерістер» параметрін өшіріңіз.
Тек оқуға арналған күнтізбені барлық адаммен бөлісу
iPhone құрылғыңызда «Күнтізбе» қолданбасына
өтіңіз.
«Күнтізбелер» түймесін түртіңіз, бөліскіңіз келетін iCloud күнтізбесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.
Күнтізбенің URL мекенжайын көшіру немесе жіберу үшін «Ортақ күнтізбе» параметрін қосыңыз, одан кейін «Сілтемені бөлісу» түймесін түртіңіз.
URL мекенжайын жіберу үшін әдісті таңдаңыз—«Хабарлар», «Пошта» және т.с.с.
URL жіберген кез келген адамыңыз macOS жүйесіне арналған «Күнтізбе» сияқты үйлесімді қолданбаны пайдаланып күнтізбеге жазылу үшін оны пайдалана алады.
Күнтізбені жою
iPhone құрылғыңызда «Күнтізбе» қолданбасына
өтіңіз.
Экранның төменгі жағындағы «Күнтізбелер» түймесін түртіңіз.
Жойғыңыз келетін iCloud күнтізбесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.
Тізімнің төменгі жағындағы «Күнтізбені жою» түймесін түртіңіз.