iPhone құрылғысын Интернетке қосу
iPhone құрылғыңызды Интернетке қолжетімді Wi-Fi немесе ұялы желіні пайдалану арқылы қосыңыз.

Қолжетімді желілерді қарау және Wi-Fi желісіне қосылу
«Реттеулер»
> «Wi-Fi» тармағына өтіңіз, одан кейін Wi-Fi реттеуін қосыңыз.
iPhone белгілі желілерге автоматты түрде қосылады.
Жаңа желіге қосылу үшін келесілердің біреуін орындаңыз:
Қолжетімді желіге қосылу: Желі атауын түртіңіз. Сұралған жағдайда құпиясөзді енгізіңіз.
Жасырын желіге қосылу: «Басқа» түймесін түртіңіз, одан кейін желі атауын, қауіпсіздік түрін және құпиясөзді енгізіңіз.
iPhone құрылғысы Wi-Fi желісіне қосылғанда, көк құсбелгі желі атауының жанында пайда болады және экранның жоғарғы жағында пайда болады.
Wi-Fi құпиясөзін бөлісу
Егер iPhone құрылғыңыз Wi-Fi желісіне қосылған болса, Wi-Fi құпиясөзін жақын жердегі басқа iPhone, iPad немесе Mac құрылғысымен бөлісуіңізге болады.
Міндетті түрде iPhone құрылғыңыз ашық болуы, Wi-Fi желісіне қосылуы және Apple аккаунтыңызға кіруі керек.
Мыналарды қамтамасыз етіңіз:
Сіз құпиясөзді бөлісіп жатқан адам құрылғысында өзінің Apple аккаунтына кіруі керек.
Адам «Контактілер» қолданбасындағы
контактілер тізіміңізге болуы керек.
Екінші құрылғы iPhone құрылғыңызға жақын болуы керек.
Екінші құрылғыда Wi-Fi желісіне қосылыңыз.
Өзіңіздің iPhone құрылғыңызда Wi-Fi құпиясөзі туралы хабарландыру пайда болғанша бірнеше минут күтіңіз, одан кейін «Құпиясөзді бөлісу» түймесін түртіңіз.
«Жеке кіру нүктесі» желісіне қосылу
Ұялы байланыс қызметі бар iPhone немесе iPad құрылғысы Жеке кіру нүктесін бөлісіп жатса, оның ұялы байланысын пайдалана аласыз.
«Реттеулер»
> «Wi-Fi» тармағына өтіңіз, одан кейін «Жеке кіру нүктесі» желісін бөлісіп тұрған құрылғы атауын таңдаңыз.
Сұралған жағдайда құпиясөзді енгізіңіз. (Жеке кіру нүктесін бөлісіп жатқан құрылғыда құпияөз «Реттеулер» > «Ұялы желі» > «Жеке кіру нүктесі» тармағында көрсетіледі.)
Wi-Fi және жеке кіру нүктелері үшін реттеулерді басқару
«Реттеулер»
> «Wi-Fi» тармағына өтіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Wi-Fi желісінің реттеулерін өзгерту:
түймесін түртіңіз.
Жаңа Wi-Fi желісіне қосылу: «Қосылуға сұрау» түймесін түртіңіз, одан кейін «Өшіру», «Хабарлау» немесе «Сұрау» опциясын таңдаңыз.
Wi-Fi қолжетімді емес кезде жеке кіру нүктесіне қосылу: «Нүктеге авто кіру» түймесін түртіңіз, одан кейін «Ешқашан», «Қосылу үшін сұрау» немесе «Автоматты» опциясын таңдаңыз.
Wi-Fi қолжетімді емес болса, ұялы желіге қосылу
iPhone құрылғыңыз Wi-Fi желісі қолжетімді болмаған жағдайда байланыс операторыңыздың ұялы деректері желісіне автоматты түрде қосылады. iPhone қосылмаса, келесілерді тексеріңіз:
SIM картаңыздың белсендірілгенін және блоктан шығарылғанын тексеріңіз. Ұялы қызметті баптау бөлімін қараңыз.
«Реттеулер»
> «Ұялы байланыс» тармағына өтіңіз.
«Ұялы деректер» параметрінің қосылғанын тексеріңіз. Қос SIM картасын пайдалансаңыз, «Ұялы деректер» түймесін түртіңіз, одан кейін таңдалған нөмірді растаңыз. (Ұялы деректер үшін тек бір нөмірді таңдай аласыз.)
iPhone құрылғысының интернетке қосылу жолы
iPhone қосылым жасалғанша келесілерді орындайды:
Ең соңғы пайдаланылған қолжетімді Wi-Fi желісіне қосылуға әрекет етеді
Ауқымдағы Wi-Fi желілерінің тізімін көрсетеді және таңдағаныңыздың біреуіне қосылады
Байланыс операторыңыздың ұялы деректері желісіне қосады
5G желісін қолдайтын iPhone құрылғысында iPhone Wi-Fi желісінің орнына 5G ұялы деректеріңізді пайдалануы мүмкін. Олай болса, Wi-Fi желісі атауының төменгі жағында «Интернетке 5G ұялы байланысы арқылы қосылу» ескертуін көресіз. Wi-Fi желісіне қайта ауысу үшін желі атауының жанындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін «Интернетке Wi-Fi арқылы қосылу» түймесін түртіңіз. iPhone құрылғыңызда 5G қызметін пайдалану атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Ескертпе: Интернетке Wi-Fi қосылымы қолжетімді болмаса, қолданбалар мен қызметтер деректерді байланыс операторының желісі арқылы тасымалдауы мүмкін, ол үшін қосымша ақылар алынуы мүмкін. Ұялы байланыс тарифтерінің бағалары туралы ақпарат алу үшін байланыс операторына хабарласыңыз. Ұялы деректер қолданысын басқару үшін Ұялы деректер реттеулерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.