Файлдарды iPhone құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдау
Фотоларыңызды, видеоларыңызды және басқа файлдарды iPhone құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында тасымалдаудың бірнеше жолы бар.
Файлдарды сымсыз жылдам тасымалдау: iPhone құрылғысында AirDrop арқылы файлдарды жақын жердегі Apple құрылғыларына жіберу бөлімін қараңыз.
iCloud қызметін пайдалану: iCloud көмегімен файлдарыңызды автоматты түрде жаңартылған күйде ұстау бөлімін қараңыз.
Сыртқы сақтау құрылғысын, файл серверін немесе Box немесе DropBox сияқты бұлтта сақтау қызметін пайдалану: Файлдарды iPhone құрылғысынан сақтау құрылғысына, серверге немесе бұлтқа тасымалдау бөлімін қараңыз.
Кабель пайдалану: Mac үшін Файлдарды Mac компьютеріңізден iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғыңызға синхрондау бөлімін қараңыз. Windows құрылғылары үшін Файлдарды Windows құрылғыңыз бен құрылғыларыңыздың арасында iTunes арқылы тасымалдау бөлімін қараңыз.
Маңызды: Қолданбаның меншікті пішімінде сақталған файлдар, бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқаларында сақталған файлдар және авторлық құқықтармен қорғалған файлдар сияқты деректердің кей түрлері үшін тасымалдау, бөлісу немесе синхрондау шектелуі мүмкін.