Торонто
Елді мекен | |||||
Торонто | |||||
Toronto | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Аймағы | |||||
Ішкі бөлінісі |
10 әкімшілік округ (125 аудан) | ||||
Мэр |
Роб Форд | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | |||||
Құрылған уақыты |
1793 | ||||
Жер аумағы |
630,21 км² км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
2,615,060 адам (2011) | ||||
Тығыздығы |
4,149 адам/км² | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+1 416 және +1 647 | ||||
Торонто шекарасы
|
Торо́нто (ағылшынша Toronto)-Канаданың ең үлкен қаласы.Онтарио провинциясындағы Онтарио көлінің жағасында орналасқан.Елдің экономикалық,мәдени,туризмдік және тарихи орталығы болып табылады.Онтарио провинциясының әкімшілік орталығы. Халық саны-2,6 миллион.Маңындағы орналасқан елді мекендермен бірге халық саны 5,7 миллионға жуық "Үлкен Торонто" агломерациясын құрайды.Әлемдегі иммигранттарыдың көбісі жақсы өмір үшін бұл қалаға көшеді. 2014 жылы сәуірде "Өмір сүру үшін ең ыңғайлы қала" рейтингіде 1 орын алған.[1]
Тарихы
XIX ғасырдың басына дейін бұл қоныс Форт-Йорк деп аталған.1834 жылы 6 наурызда қала Торонто деп аталған.19 ғасыр Торонто үшін "өрлеу ғасыры" болған.Халық санының үздіксіз өсуі,ирландықтардың жаппай иммиграциясы,итальндықтардың,еврейлердің және қытайлықтардың көшуі қаладағы жаңа кәсіпорындардың,зауыт-фабрикалардың ашылуына себеп болған.1950 жылы,Квебек провинциясында сепаратисттік қозғалыс орын алғанда,қалаға сол өңірден көптеген ағылшындар көшті.1951 жылы халық саны 1 миллионға жетті,ал 1970 жылдан бастап Торонтода биік ғимараттар,көп қабатты үйлер салына бастады.1980 жылдан бастап Торонто-Канаданың халық саны бойынша ең үлкен қаласы.[2]
Экономикасы
Қазіргі кезде Торонто Канаданың және бүкіл Солтүстік Американың экономикалық маңызды қаласы болып табылады.Қала өнеркәсіптеріндегі басты салалар-ақпараттық технологиялар және компьютерлер саласы.Торонтоның қаржы биржасы әлемдегі ең ірі биржалардан 7 орынға ие.Қаланың ЖІӨ (Жалпы ішкі өнімі) елдегі үлесі 11%.2005 жылы қала ЖІӨ-і 127 000 000 000 канадалық долларды құрайды.Елдегі 1/6 бөлігі немесе 1,4 миллион еңбекке жарамды халық бұл қалада өмір сүреді.
Транспорт және инфрақұрылым
Торонто қаласында елдегі ең ірі ғылыми,ақпараттық және логистикалық орталықтар орналасқан.Транспорттық жүйесі бойынша әлем елдерінің арасында алдыңғы қатарларында.Солтүстік Америкадағы маңызды темір жол және теңіз порты (көл).[3]
Иммигранттар
Торонто-көпұлтты қала.Бұнда 100 этностардан астам өкілдер тұрады.Қала халқының жарты саны-Канададан тыс жерде туған. Тұрғындардың 10%-ы үндістер,9-ы Қытайдан келген,6%-ы итальяндықтар және филлипиндіктер,1,5%-ы орыстар және украиндықтар.