Абайсыздық
Абайсыздық (ағылш. carelessness; negligence; нем. Fahrliissigkeitf; UnvorsichtigkeitJ)
Құқықта — қылмыс құрамының субъективті жағы ретіндегі кінә нысанының бірі. Құқық теориясы абайсыздықты екі нысанға — менмендік пен немқұрайдылыққа бөледі.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам кажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарынын болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
|