Гольджи аппараты
Гольджи аппараты — жасуша биосинтезінің өнімдерін түзілу және тасымалдау қызметін атқаратын мүшесі. Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс бірінің үстіне бірі қаланып орналасқан.[1]
Құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Голджи аппаратының құрылымдық-функционалдық бірлігі - диктосома. Диктосомада жалпақ бір мембраналы қапшықтар (цистерналар) бірінің үстіне бірі қаланып, тығыз орналасады (аралары 20-25 нм), әрбір цистернаның диаметрі 1 мм-ге жуық, қалыңдығы өзгеріп отырады: ортасында мембраналар жақындасып, шетінде кеңейеді, олардың ішкі қуыстары бір-бірімен жалғаспайды.
Әрбір диктосомада үш бөлікті ажыратады:
- Проксималды (cis-полюс)
- Медиалды
- Дисталды (trans-полюс)
Олар бір-бірінен ферменттер жиынтығы бойынша ажыратылады. Транс-полюстің дисталды цистерналарына Гольджи аппаратының транс-торын құрайтын көптегентүтікшелер мен көпіршіктер жанасып жатады.
Функциялары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақуыздардың сұрыпталуы Гольджи кешенінің транс-торының мембранасында орналасқан ерекше ақуыз-рецепторлар арқылы жүзеге асады. Олар іріктелуші ақуыз молекулаларының маркерлерімен өзара әрекеттесуге қабілетті. Іріктелетін молекулалардың маркерлерімен байлансықан рецепторлары бар мембрана бөлігі Гольджи кешенінен клатиринмен қапталған мембраналық көпіршік түрінде бөлініп, содан кейін қажет орынға тасымалданады.
ЭПТ ақуыздары - Гольджи кешенінде кездейсоқ тап болған фолдинг ферменттері үшін маркер төрт аминқышқылынан тұратын тізбек, олар арқылы осы ақуыздар танылып, көпіршіктерге оралады, содан кейін қайтадан эндоплазмалық торға қайтарылады.Бұл процесс рециклизация деп аталады.
Экспортталатын ақуыздардың секрециясы конститутивті және реттелетін секреция жолымен іске асады.
Конститутивті секреция барлық жасушаға тән, тасымалдаушы көпіршіктер Гольджи аппаратынан плазмолеммаға үздіксіз тасымалданады. Бұл жолмен жасушаның бетіне гликокаликс элементтері, жасушааралық заттардың негізіг ұүрайтын көптеген өнімдер жеткізіледі. Конститутивті секреция жолымен, сонымен қатар плазмолеманың мембраналық ақуыздары тасымалданады.
Реттелетін секреция тек белгілердің әсеріне жауап ретінде биологиялық белсенді заттарды, яғни гормондарды синтездейтін мамандандырылған жасушаларға тән.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ Садыканова Г.Е. "Жасуша биологиясы" Өскемен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2020. - 119 б. ISBN 978-601-314-433-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|