Мазмұнға өту

Жолбарыс Жылқайдарұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жолбарыс Жылқайдарұлы (1671-1761) - би, батыр. ұлы жүз құрамындағы Жалайыр руының Күшік тармағынан шыққан. "Ақтабан шұбырыңды, Алқакөл сұлама" жылдары Іле мен Қаратал өзенінің аралығыңаағы жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан. Кейін Жетісу жері жаудан тазартылған соң, босқан елді атамекеніне қайтаруға үлес қосқан. Ел аузындағы аңыздарда, Жолбарыс денесіне жау қаруын дарытпаған батыр әрі қара қылды қақ жарған би ретінде сипатталады. Бейіті Үштөбе қаласына жақын Қалпе ауылының күншығыс жағындағы үлкен қорымда. 1996 ж. бидің ұрпақтары онда үлкен кесене тұрғызып, құлпытас орнатты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3