Мазмұнға өту

Какао

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Какао

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malvales
Тұқымдасы: Құлқайырлар
Кіші тұқымдасы: Byttnerioideae
Тайпасы: Theobromateae
Тегі: Theobroma
Түрі: T. cacao
Екі-есімді атауы
Theobroma cacao
Карл Линней

Какао, шоколад ағашы (лат. Theobroma cacao) – мәңгі жасыл стеркулия тұқымдасына жататын ағаш.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 4 – 8 м, гүлдері сары не қызғылт түсті. Какао Орталық және Оңтүстік Американың қалың ормандарында өседі. Африканың батысында және басқа да тропиктік аймақтарда 16 ғасырдың басынан қолдан егіле бастаған. Орташа жылдық температурасы 21С, жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 2000 – 5000 мм-ге жететін жерлерде жақсы өседі. Какао дәнінен, шыбығынан өсіріледі. Какао жемісінің ұызндығы 30 см, салмағы 300 – 600 г, ішіндегі дән саны 25 – 60 (бір ағаш 0,5 – 2 кг дән береді). Жыл бойы гүлдеп жеміс береді, 1 га-дан 12 – 15 ц өнім алынады. Какао дәнінен түрлі заттар (50%-ке дейін – май, 14,5% – азотты заттар, 1,3 – 1,7% – теобромин, т.б.) алуға болады. Какаодан алынған майды кондитер, иіс су өндірістерінде және медицинада дәрілерге қосуға пайдаланады.[1][2]

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9