Мазмұнға өту

Хан Тәңірі шыңы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хан Тәңірі шыңы

Күн батардағы Хан Тәңірінің көрінісі
Сипаттамасы
Биіктігі

6995 м

Орналасуы

42°12′41″ с. е. 80°10′30″ ш. б. / 42.21139° с. е. 80.17500° ш. б. / 42.21139; 80.17500 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°12′41″ с. е. 80°10′30″ ш. б. / 42.21139° с. е. 80.17500° ш. б. / 42.21139; 80.17500 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан
 Қырғызстан
 Қытай

Хан Тәңірі шыңы (Қазақстан)
Хан Тәңірі шыңы
Хан Тәңірі шыңы (Қытай)
Хан Тәңірі шыңы

Хан Тәңірі — Шығыс Тәңір тауындағы шың, Қазақстан мен (Алматы облысына таудың солтүстік-батыс бөлігі, Райымбек ауданына қарайды) Қырғызстан және Қытай шекарасында. Солтүстік жер шарындағы ең биік нүкте. Жергілікті қазақ пен қырғыздар бұл тауды кешке күн батарда қызарып кететін өңіне қарап "Қантау", "қантоо" деп те атаған.

Геологиясы, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстан пошталық маркасы, Хан Тәңірі солтүстігінен, 2001
Қырғызстан пошталық маркасы, Хан Тәңірі оңтүстігінен, 2000

Негізінен мәрмәрленген әк тастан түзілген. Теңіз деңгейінен 6995м (мұз жамылғысын қоса есептегенде 7010м) биіктікте орналасқан. Хан Тәңірі – Тәңір тауының ең ірі мұздану орталығы, мұздықтарының жалпы ауданы 2500 км2. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқалы көтерілуге болады. Хан Тәңірін бірінші рет ғылыми түрде сипаттап жазғандар И. Семенов пен Семенов Тянь-Шанскийлер. Шыңға оннан аса маршруттар жасалып, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын халықаралық Хан Тәңірі альпинистік лагері жұмыс істейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3