Эдвард Льюис
Эдвард Льюис | |
Edward B. Lewis | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Уилкс-Барре, Пенсильвания, АҚШ |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Пасадина, Калифорния, АҚШ |
Ғылыми аясы | |
Альма-матер | |
Ғылыми жетекші | |
Марапаттары |
|
Эдвард Льюис (ағылш. Edward B. Lewis; 20 мамыр, 1918, Уилкс-Барре, Пенсильвания — 21 шілде, 2004) — американдық генетик, «ерте эмбриондық дамуы кезеңіне генетикалық бақылауға қатысты жаңалықтары үшін» 1995 жылы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эдвард Льюис 1918 жылы 20 мамырда Пенсильванияның солтүстік-шығысындағы Уилкс-Барр шағын қалашығында дүниеге келген. Ол 1938 жылы Миннесота университетін бітіріп, Drosophila melanogaster жеміс шыбындарын генетикалық зерттеуді бастады. 1942 жылы Калифорния технологиялық институтында өз диссертациясын қорғады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ әскери әуе күштерінде метеоролог болып қызмет атқарды. 1946 жылы ол Калифорния технологиялық институтына инструктор болып оралды. 1956 жылы биология профессоры атанды, және 1966 жылы болды - Томас Морган атындағы биология құрметті профессоры атанды.
Ғылыми еңбегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Льюис Даму генетикасы саласында Drosophila атты классикалық генетикадағы модельдік ағзалардың біріне жасаған жұмысатары, жануардың дамуын бақылаудағы эволюциялық және әмбебап бекітілген ережелерінің қазіргі заманғы түсінігінің іргетасын қалады. Льюис сол немесе басқа гендерде бірдей фенотип тудыратын мутация бар ма көрсете алатын, генетикадағы комплементациялық тестті әзірлеген. Оның негізгі ғылыми жетістіктері ішінде жазылған негізгі кітабі, 2004 жылы «Гендер, даму және қатерлі ісік» деген атпен басылып шықты.
Марапаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1983 — Томас Хант Морганның медалі
- 1987 — Гайрднер халықаралық жүлдесі
- 1989 — Медицина саласындағы Вольф жүлдесі
- 1990 — АҚШ Ұлттық ғылыми медалі
- 1991 — Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесі
- 1992 — Луиза Гросс Хорвиц жүлдесі
- 1995 — Кристиана Нюсляйн-Фольхардпен және Эрик Вишауспен бірге 1995 жылы «ерте эмбриондық дамуы кезеңіне генетикалық бақылауға қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 20 мамырда туғандар
- 1918 жылы туғандар
- 21 шілдеде қайтыс болғандар
- 2004 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина бойынша Вольф сыйлығының иегерлері
- АҚШ генетиктері
- АҚШ эмбриологтары
- АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар