Sony

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Sony Group Corporation
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

TYO: [1], NYSE: SONY

Құрылды

7 мамыр 1946; 78 жыл бұрын (1946-05-07)

Бұрынғы атауы

Tokyo Tsushin Kogyo, Ltd.
(1946–1957)
Sony Corporation
(1957–2021)

Құрушы

Акио Морита
Масару Ибука

Орналасуы

Минато, Токио, Жапония

Саласы

электроника, мультимедиа, қаржы, шоу-бизнес

Өнімі

меншікті өткізгіштік, видео ойын, мультимедиа, кино, робот, және т.б.

Меншікті капиталы

5,58 трлн ¥ (2021)[1]

Айналым

7,25 трлн ¥ (2021)[1]

Операциялық кірісі

972 млрд ¥ (2021)[1]

Таза табыс

1,19 трлн ¥ (2021)[1]

Активтер

26,4 трлн ¥ (2021)[1]

Капитализация

137 млрд $ (2022)[2]

Қызметкерлер саны

109 700 адам (2021)[1]

Сайты

sony.com

Sony Group Corporation (жапон. ソニー・グループ株式会社) — 1946 жылы Жапонияда құрылған трансұлттық корпорация. Негізі Токио маңындағы Минато қаласында салынған. Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірумен айналысады. Сонымен қатар Sony әлемдегі ең ірі медиа компанияларының бірі болып келеді. Sony Music Entertainment дыбыс жазу маркасына, Columbia Pictures және TriStar Pictures киностудияларына, сонымен қатар MGM компаниясының толық фильмдер архивіне ие.

«Sony» компаниясының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука салған. Компанияның бастапқы атауы «Tokyo tsushin kogyo kabushiki kaisha» болған, қысқаша Тотсуко. Алайда оның аталуы американдықтарға қиындыққа соққан. Қазіргі «Сони» екі сөздің қосындысынан шыққан лат. sonus («дыбыс») және ағылш. sunny boys («күн балалары»; ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағынаға ие). Жапонша «сонни» дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсаса келгендіктен бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген.

Көп жылдар бойы Морита компанияға басшылық етіп, нарықта үлкен жетістіктерге алып келген. Жақсы да тартымда дизайны мен жаңашылдығының арқасында Sony өзінің атын шығарады. 1950 жылдары компания өзінің алғашқы «TR-63» радио қабылдағышын шығарған.

Sony Rolly атты әуен ойнататын роботты, AIBO атты ит тәрізді роботты, гуманоидтарды және QRIO-ды жасап шығарған. 1970-1980 жылдары бірінші портативті Walkman аудиоплеерлері шыға бастайды. 1983 жылы Philips компаниясымен бірігіп нарыққа алғашқы компакт-дискілерін шығарады.

1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болған. 1990 жылдың өзінде Sony 500-ге жуық жаңа өнімдер шығарған, ол дегеніңіз күніне екі жаңа зат шығарып отырған. 1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына PlayStation ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы PlayStation 2, 2006 жылы PlayStation 3 ойындары шығады. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japan атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.

  • Sony Corporation ( холдинг басқармасы, тұрмыстық және кәсіптік электроникамен айналысады, Aiwa брендіне ие)
  • Sony Computer Entertainment (Sony Playstation ойын консолдары, сонымен қоса видео ойындар)
  • Sony Pictures Entertainment (кинокартиналар шығарып, оларға продюсерлік етеді, Columbia Pictures және TriStar Pictures киностудияларына, сонымен қатар MGM компаниясының толық фильмдер архивіне ие (Comcast компаниясымен бірге)).
  • Sony Music Entertainment (музыка саласы).
  • Sony Financial Holdings (қаржы сферасындағы операциялар — сақтандыру, банктер)
  • Sony Ericsson (мобильді телефондар)
  • Sony Vaio (ноутбуктар)
  • Sony Bravia (телевизорлар)

2010 жылдың 31 наурызында корпорацияның жалпы қызметкерлер саны 167 900 адамды құраған.

Сауда маркалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]