Мазмұнға өту

Қызылорда облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан облысы
Қызылорда облысы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Қызылорда

Аудандар саны

7

Ауылдық округтер саны

142

Кенттік әкімдіктер саны

2

Қалалық әкімдіктер саны

4

Ауыл саны

230

Әкімі

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°00′ с. е. 64°00′ ш. б. / 45.000° с. е. 64.000° ш. б. / 45.000; 64.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°00′ с. е. 64°00′ ш. б. / 45.000° с. е. 64.000° ш. б. / 45.000; 64.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

15 қаңтар 1938 жылы

Жер аумағы

226 076 км² (3- орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

833 531[1] адам (2023)(8- орын)

Тығыздығы

3,7 адам/км² (12- орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар 96,54 %
орыстар 1,70 %
корейлер 0,85 % 
басқалары 0,91 % (2022 ж.)[2]

Ресми тілі

қазақ тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7242 xx-xx-xx

Пошта индекстері

12xxxx

Автомобиль коды

11

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-KZY

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1

Қызылорда облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қызылорда облысы

Ортаққордағы санаты: Қызылорда облысы

Қызылорда облысыҚазақстанның оңтүстігінде орналасқан облысы.

Облыс 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді (2018).[3] Облыс орталығы — Қызылорда қаласы.

1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен қаланың орысша транскрипциясы Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал облыс аты Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысына өзгертілді.

Қызылорда облысы Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында және Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде – Ұлытау облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстанмен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 3-орында.

Ежелгі дәуір

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ-массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б.з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.

VIII ғасырда Орталық Азияны және Қазақстан оңтүстігін арабтар бағындырып Ислам дінін таратады. IX-X ғасырларда Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағыстарында оғыз тайпаларының ерте феодалдық мемлекеті құралады. Ортағасырлық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы оғыз тайпаларына пайда әкелді

ХІІІ ғасырларда моңғолдардың шапқыншылықтары нәтижесінде Жент, Сығанақ, Асанас, Өзкент, Баршынкент, Жанкент қалалары қиратылды.

Әбілқайыр ханның билігі кезінде көшпелі өзбектер хандығының орталығы Сығанақ қаласы болған. XV ғасырдың ортасында қала аймақтың әкімшілік орталығына айналды. XVI ғасырда Сырдарияның оң жағалауы Қазақ хандығының қарамағына енді.

Перовск қаласының таңбасы

Ресей империясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақмешіт 1820 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастады; 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.

1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады – 70-жылдардан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды;

1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімі ашылды; 1905 жылы «Оренбург-Ташкент» темір жолы қолдануға берілгеннен кейін үйлестіруші логистикалық құрылым (бекеттер, вокзал, депо, қоймалар) салынды;

Кеңес Өкіметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады. 1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. Осы жылы бірінші ағаш өңдейтін ұстахана ашылды, кірпіш зауыты қалпына келтірілді;

1925 жылы 15 сәуірде қалада Қазақ Автономдық Республикасының Бүкілодақтық еңбекшілер съезді болды, сол жерде қаланы Қызыл-Орда («қызыл астана») деп атау және оған республика астанасы дәрежесін беру шешімі қабылданды. Сол уақыттағы қала халқының саны 22 мың 577 адам болатын. Осы жылдары бірінші рет электроэнергиясы қосылды, қаланың барлық жерлерінде құрылыс жүріп жатты, жаңа үлгідегі үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институттары және т.б. тұрғызылды;

1929 жылы Астана Алматы қаласына көшірілді, ал Қызыл-Орда округ орталығы болды;

1930–1940 жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Нацистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты;

1938 жылғы 15 қаңтарда Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді;

1960–1970 жылдары целлюлиттік-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов Қыстағы секілді тұрғын-үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды.

Тәуелсіз Қазақстан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланың Қызыл-Орда атауы Қызылорда, ал облыс атауы Қызыл-Орда атауынан Қызылордаға ауысты.

1992 жылғы қаңтарда Возрождение аралында сынақ полигоны жабылды, бұл оба, жамандат, лепра ауруларының таралуына тосқауыл болды. «Барсакелмес» қорығындағы өмір қайта басталды.

Әкімшілік құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, шығысында Түркістан облысымен шектеседі.

Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 1 қала облыс орталығы — Қызылорда, 1 республикалық маңызы бар қала — Байқоңыр бар:

  1. Арал ауданы, орталығы — Арал
  2. Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке би кенті
  3. Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы
  4. Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті
  5. Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек
  6. Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі
  7. Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті
  8. Қызылорда қаласы
  9. Байқоңыр қаласы

Табиғи ресурстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсақ қиыршықтастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) кен байлықтарының мол қоры бар.

Қызылорда облысы түсті метал кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады. Сонымен қатар ас тұзы 60%, мұнай мен газ конденсаты 21,4%, мырыш 15,1%, уран қоры 14%. Оңтүстік Торғай иінінің облысы бөлігінде 350 млн.т мұнай, 100 млрд.м³ газ қоры анықталды. Арал теңізі маңында 73 млн.т мұнай, 2 трлн.30 млрд.м³ газ қоры бар.

Сырдария өзені

Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың км-ге жуық төменгі ағысы өтеді. 1956 жылғы маусымда Сырдария өзенінде Қызылорда бөгеті іске қосылды. 1958 жылы Сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950–1960 жылдары Қызылорда су тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қазылды. 1969 жылы Қазалы су торабы егіс даласы мен жайылымдық жерлерді суғаруға берілді. Өзендер суының теңізге құю мөлшерінің кемуінен Арал теңізі Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып екі көлге бөлінді.

Флора мен фауна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.

Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре түрлері кездеседі.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешені

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Егіс көлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылы облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр.

Тұқым шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру жүйесі қалыптасып келеді. Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді. Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді.

Минералдық тыңайтқыш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2006 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді. Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.

Машина-трактор паркін жаңалау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылы облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан машина-трактор паркін жаңалауда бір шама жұмыстар жүргізілді, өткен үш жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 625 жаңа техника сатып алды. Ал, биылғы жылдың 9 айында, облыс бойынша 270 техника алынды. Оның 205 данасы лизингілік негізде болса, 65 данасы шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен алынды.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 32 мың тонна дизель отыны қажет болса, ол толығымен қамтамасыз етілді. Қолда бар күздік, жаздық бидай толығымен жиналып, барлығы 14,7 мың тонна астық алынды. Дән құрамында клейковинаның төмендігіне байланысты өндірілген бидай мал азығына пайдаланылады. Облыста жоңышқа, дәндік жүгері, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Облыста картоп, көкөніс, бақша және басқа дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дәндік жүгері, күнбағыс, мақсары, мақта, сорго дақылдарының егіс көлемі толық жиналса, картоптың – 88,9 %, көкөністің - 95,0 %, бақшаның – 97,0 % жиналып, картоптың 1 гектарынан орташа 129,3 цн өнім жиналса, көкөністен -138,8 цн және бақшадан 151,3 цн. өнім жиналуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 596,2 мың тн. шөп дайындалса, оның 89 мың тоннасы жоңышқа шөбі.

Мал шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі – 3,6, жылқы – 5,0, түйе – 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр. Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.[4]

Демографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылорда облысы халқының саны[5] [6]

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007
491 780 566 365 651 323 596 215 603 804 607 491 612 048 618 249 625 070
2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
632 234 677 732 689 008 700 502 712 878 726 781 739 776 753 148

Қорқыт ата кесенесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көне қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алтынасар қорғаны

Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.

Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ыбырай Жақаев – өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.

Қорқыт ата мемориалдық кешені

Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт ата мемориалдық кешені Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Жетіасар — қалалар тобы б.з.д. соңы I мыңжылдықтың аяғы — б.з. 8 ғасырда ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының қазіргі Байқоңыр қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45–90 км қашықтықта орналасқан. Жетіасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететін бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық аудандары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетіасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.

Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.

1946–1951 жылдары ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973–1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 жылдың екінші ортасында 1990 жылы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.

Сығанақ — қалашық, қазіргі Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан. Қаланың көлемі 10 гектар шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 гектар шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған. Қала алғашқы рет X ғасырдағы араб географы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, 11 ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында — Ақ орданың астанасы, XIV ғасыр және XV ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы болған.

1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар Мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.з. V ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының аясында жүргізіліп, зерттелуде.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]