Ахкәм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
Усул әл-фиқһ

(Фиқһ негіздері)

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Ахкәм (араб.: أحكام‎; жекеше хукм араб.: حُكْم‎ — үкім) — Ислам дініндегі шариғат заңдары. Құран Кәрімде хукм сөзі Аллаһ тағаланың бұйыруын, еркін, қалауын білдіретін сөз. Мәніне қарай Ахкам төртке бөлінеді:

  1. Мұсылмандардың қоғамдық, азаматтық тұрмыс-тіршілігіне қатысты Ахкам (қазы (сот), мұрагерлік, куәгерлер туралы қағидалар);
  2. Жеке меншік құқына қатысты Ахкам (күштеп тартып алып иелену, көршілік құқы, тауып алған заттар, өлі табиғат және оны қайта түрлету (яғни, игеру) туралы қағидалар);
  3. Қоғамға қатысты Ахкам (аң аулау және мал сою, тамақтану, ас-тағамдар туралы қағидалар);
  4. Қылмысқа қатысты Ахкам (жаза, қысастық, кісі өлімі мен зақым зардабы үшін құн төлеу туралы қағидалар).

Қоғамдық тәртіпті нығайту жолында мемлекет тарапынан заңсыз істелінген іс-әрекеттер үшін қарапайым адамдар жазықты саналмайды. Оған билеуші топ қана кінәлі болып, Алла алдында жауап береді деп түсіндіріледі.[1]

Ахкәм түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Уәжіп, қажет, орындалуы айтқыссыз;: парыз, рукн
  2. Мұстахаб, жасаған абзал, фадиләһ, мандуб деген аттармен белгілі
  3. Мұбах, парыз да емес, ұсынылмайды (бейтарап)
  4. Мәкруһ, ұсынылмайды
  5. Харам, күнәлі істер (жасамау парыз)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1