Мазмұнға өту

Бескөл (Солтүстік Қазақстан облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Бескөл
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Солтүстік Қазақстан

Ауданы

Қызылжар

Ауылдық округі

Бескөл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°46′10″ с. е. 69°06′10″ ш. б. / 54.76944° с. е. 69.10278° ш. б. / 54.76944; 69.10278 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°46′10″ с. е. 69°06′10″ ш. б. / 54.76944° с. е. 69.10278° ш. б. / 54.76944; 69.10278 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 027[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71538

Автомобиль коды

T, 15

Бескөл картада
Бескөл
Бескөл
Бескөл картада
Бескөл
Бескөл
 Басқа мағыналар үшін Бескөл деген бетті қараңыз.

БескөлСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, аудан және Бескөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы – Петропавл қаласының оңтүстігіне қарай 8 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағасында орналасқан.

Іргесі 1938 жылы Петропавл МТС-ның орталығы ретінде қаланды. Атауы маңындағы көлдерге байланысты қойылған. 1967 жылдан аудан орталығы.

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7495 адам (3684 ер адам және 3811 әйел адам) болса, 2009 жылы 8805 адамды (4217 ер адам және 4588 әйел адам) құрады.[2]

Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бескөлде құс фабрикасы, жылжымалы механикаландырылған колонна, “Романтик” акционерлік қоғамы, “Молсервис” консорциумы, аудандық баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығының ғылыми-зерттеулер институтының бөлімшесі, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станса бар. Бескөл арқылы ПетропавлКөкшетау, Петропавл—Новоишим автомобиль жолдары өтеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]