Жүйелік тақта
Жүйелік тақта (кейде аналық тақта, ағылш. motherboard) — жүйелік блоктың ішіндегі үлкен тақта, онда бірқатар кішкене электрондық сұлбалар мен басқа да құраластар орналасқан. Ол компьютердің бірнеше аса маңызды құраласын қамтиды. Жүйелік тақта- басқа қосалқы не компьютердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін арнайы енгізілген тақталардың арасында өзара байланыс құралы ретінде қызмет атқаратын жүйелік блоктың негізгі бөліктерінің бірі.
Жүйелік тақтаның негізгі бөліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі(ажыратылмайтын)бөліктері ретінде жүйелік тақтада орналасқан:
- Орталық процессорге арналған ағытпа,
- ЖЖҚ (жедел жадтау құрылғысы)-на арналған ағытпа,
- чипсет микросызбалары,
- Жүктемелі ТЖҚ (тұрақты жадтау құрылғысы)
- Шиналардың бақылаушысы және олардың кеңейткіш слоттары,
- Бақылаушылар және енгізуші құралдардың интерфейсі,
Жүйелік тақтаның форм-фактор бойынша классификациясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүйелік тақтаның форм-факторы - дербес компьютер үшін шасси бекітентін орнының ұзындығын, шина интерфейсінің орналасуы мен орталық процессордың ағытпасын анықтайтын стандарт. Компьютер үшін форм-факторын оның міндетті және опционалды компоненттердің орналасыуыy анықтайды. Компоненттердің өндірушілері жүйелік тақтаның белгілі бір үлгісіне қарай бөлшек шығарады, себебі өндірушілер үшін танымал,қолдансқа ие жүйілік тақталардың ішінде компоненттердің орналасуы тиімді.
- Қолданыстан шыққан форматтар: Baby-AT;AT толық-көлемді платасы; LPX.
- Заманауи және қолданыса ие форматтар: ATX; Mini-ATX; microATX.
- Енгізі процессіндегі жаңа форматтар: Mini-ITX и Nano-ITX; Pico-ITX; FlexATX; NLX; WTX, CEB; BTX, MicroBTX и PicoBTX.
Жүйелік тақтаның моделін анықтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүйелік тақтанын моделін бірнеше әдістермен анықтауға болады:
- визуалды түрде,өндірушілердің жапсырмасындағы мәлімет арқылы.
- DMI типінлегі программалық құрылғылар арқылы.
- Дербес компьютердегі арнайы бағдарламар арқылы.WIndows-та SIW немесе AIDA64, Everest секілді бағдарламаларды қолдануға болса, Lunix операциялық жүйесінің қолданушылары dmidecode бағдарламасы арқылы анықтау мүмкіндігі бар.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Computer motherboards |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|