Мазмұнға өту

Приозёрск

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Приозёрск
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Қарағанды облысы

Әкімі

Мансур Талғатұлы Ахметов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°01′ с. е. 73°42′ ш. б. / 46.017° с. е. 73.700° ш. б. / 46.017; 73.700 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°01′ с. е. 73°42′ ш. б. / 46.017° с. е. 73.700° ш. б. / 46.017; 73.700 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1956

Бұрынғы атаулары

Көктас

Қала статусы

1963

Жер аумағы

54,5 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

11 151[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (58,7 %)
орыстар (33,53 %)
украиндар (1,92 %)
татарлар (0,96 %)
әзербайжандар (0,85 %)
өзбектер (0,84 %) басқалары (3,32 %)
(2022 ж.)[2]

Конфессиялар

мұсылмандар, христиандар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71039

Пошта индексі

101100

Автомобиль коды

09

Приозёрск қаласының әкімдігі  (қаз.)

Приозёрск картада
Приозёрск
Приозёрск
Приозёрск картада
Приозёрск
Приозёрск

Приозёрск (Қоржынтүбек) — Қазақстанның Қарағанды облысындағы 1956 жылы құрылған қала. Қала аумағы 54,5 шаршы километрге тең. Халық саны 11 151 адам.

Көкшекөлдің жағасындағы Қоржынтүбекте орналасқан Приозерск қаласы. Көлге етене еніп жатқан түбекке осыдан елу жыл бұрын әскери қаланың алғашқы қазығы қағылып, бүгінде еліміздің қорғаныс қуатына, тәуелсіздік игілігіне қызмет етіп келеді. Приозерскінің өз орны бар. Сондықтан әскери сынақ полигонының әкімшілік, әлеуметтік тұрмыстық орталығы болып табылады. Иә, тәуелсіздік алғанға дейін Приозерск қаласы жабық қала болды.

Приозерск қаласы Кеңестер одағының картасында 70 жыл көрсетілмей келді Бірде «Полигон-А» енді бірде «Ташкент-90» деген құпия шифрмен аталды. 1956 жылы Орталық Комитет пен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы мен салынады. Осы құпия полигонның орталығы Приозерск қаласын салудың басты себебі мына мәселелер болған екен: мемлекеттік ракета шабуылына қарсы кешенді эксперимент жасайтын нысандардың және ракета шабуылына қарсы сынақ полигонының жұмыстарын күшейту, сондай-ақ бұл жерде 10 мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын құру және әуе шабуылына қарсы сынақ полигонын салу туралы бір ауыздан шешім қабылданған.

Сынақ полигоны еліміздің сол кездегі бес облысының жерінен 8 115 15 гектар жер оның ішінде 4.264.900 гектар жер күнделікті тұрақты пайдалануға, ал қалған жер күнделікті жаттығу үшін бөлініп беріледі. Әскерилер орын тепкен Ақмамық 1956 жылдың қатал қысын әскери палаткаларда өткереді. Ал Қоржынтүбек атауы Приозерск болып өзгертіліп, сол кезде-ақ әскер полигонның әкімшілік басқару орталығына айналдырылады. Қала мен сынақ нысандарының құрылысы орталық тарапынан қатаң бақылауға алынады. 1961 жылы 4 наурызда полигонда баллистикалық ракетаның алдыңғы бөлегі атып түсіріліп, аспанда жойып жіберуді іс жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет болған еді.

Қалашықта 1963 жылға дейін тек әскерилер мен олардың отбасылары ғана тұрды. 1963 жылдың 28 қазанында қалалық кеңестің бірінші сессиясында төрағалық еткен полигон командирі С.Дороховтың ұсынысы бойынша Приозерскіге қала мәртебесі берілді. Приозерск қаласында 1990 жылға дейін одақтық көлемдегі әскери-ғылыми кеңес жұмыс істеді. Мұнда 800-ге жуық адам кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған.

Қаланың да, полигонның да жағдайы одақ тараған жылдары қиындап кеткен еді. Әскери адамдар елдеріне кетіп, қала иесіздікке ұшырады. 1998 жылы Приозерск қаласында №44841 әскери бөлім құрылды. Қазірде қаланың жағдайы жақсаруда. 1995 жылы қалада Балқаш тау-кен компаниясының алтын қорыту фабрикасы іске қосылды. Мұндағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер саны 300-ге жетті, қосалқы шаруашылық ашылды. Қаланың мәдени өмірін қалыптастыруда да бірқатар шаралар жүзеге асты. Қалада қазақ және орыс мектебі, өнер және спорт мектептері жұмыс істейді. 1999 жылы қалада 11 мың халық болса, бүгінде оның саны 25 мыңнан асып отыр. Халықтың саны демографиялық жағдайда өсіп отыр.

Саны (2009, 2021)[3]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
13479 10909 80,9 6615 5371 81,2 6864 5538 80,7

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалада 2007 жылға 78 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 8 орта, 68 шағын субъектілер.

Негізгі экономикалық бағыт:

  • энергетика.

Қаланың негізгі кәсіпорындары:

  • “Тұрғын үй - коммуналдық реформалау басқармасы“ КМК

Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: - жылу энергиясы; - табиғи су.

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 1028 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 21204 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 337,2 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 140,3 млн. теңге сомасында игерілді немесе 2005 жылғы көлемінен 30,5%-ға құрады. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 40,4 млн. теңгені құрады немесе 2005 жылғы көлемнен 134,3%-ға артық. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 531,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 146,4 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады.

2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 шаруа қожалығы, 0,1 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 23,3 гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 7,9 га - егістік алқаптар.

2006 жылғы астыққа 25,0 га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде

  • картоп – 11,5 га,
  • көкөніс - 12,5 га.

2006 жылы

  • 0,2 мың тонна картоп,
  • 0,2 мың тонна көкөніс дақылдары,
  • 25,9 тонна ет (тірі салмақта),
  • 221,3 тонна сүт;
  • 37,9 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2007 жылғы 1 қаңтарға

  • ірі қара мал саны 0,5 мың бас;
  • қой мен ешкі - 1,7 мың бас;
  • шошқа - 0,4 мың бас;
  • құс – 1,7 мың бас,
  • жылқы – 0,1 мың басты құрады.

Приозерск қаласында 2 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектеп қызмет атқарады.№1 жалпы орта білім беретін мектебі , оқыту тілі қазақ тілінде,№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп , оқыту тілі аралас тілде.Барлық оқушылар саны 1836 бала.

Қалада • «Приозерск қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  3. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары